Қазақстандағы креативті индустрияның даму болашағы

2023 ж. 13 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, елдегі креативті салаларды дамыту мәселелері бойынша жоғары деңгейде дөңгелек үстел өткізді. Шараға мемлекеттік және жеке секторлардың, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері мен сарапшылар жиналды.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Дөңгелек үстелдің алдында Қызылорда облысы мен Абай облысындағы, сондай-ақ Алматыдағы креативті салаларды дамыту мәселелері бойынша БҰҰДБ ұйымдастыруымен аймақтық сарапшылық кездесулері өтті. Сарапшылық кездесулер аясында сатылымдарды арттыру, шығармашылық кәсіптерде позициялауну және брендингті дамытуда цифрлық шешімдерді қолдану бойынша шеберлік мастер-класстар өтті. Кездесулердің нәтижелері БҰҰДБ-ның Акселератор Лабораториясының жұмысына біріктіріліп, БҰҰДБ аймақтық бағдарламасында ескерілетін болады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров
«Біз Қазақстан аймақтарының тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуында креативті индустрияның маңызды рөлін көріп отырмыз. Бұл саланың өкілдері бизнестің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесіп қана қоймай, қоғамның интеллектуалдық және эмоционалдық дамуына, адамдар арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтуға үлес қосуда. Талантты және шығармашылық қабілеті жоғары жергілікті жастарды тартуға ерекше назар аудара отырып, бұл саланы қолдау маңызды» -
өңірлердегі сарапшылық кездесулердің нәтижелерімен бөлісті Катаржина Вавьерниа, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Елордада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы креативті индустрияның даму динамикасын талқылап, жергілікті қажеттіліктер мен әлеуетті ескере отырып, саланы дамыту бойынша БҰҰДБ ұсыныстарын зерделеді. Кездесу нәтижесінде БҰҰДБ мен Мәдениет және ақпарат министрлігі басқа мүдделі тараптарды тарта отырып, шығармашылық салаларды дамытуды ынталандыру бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыру ниетін растады. Өңірлерде, әсіресе, Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарында, саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров
«БҰҰДБ және өңірлердегі әріптестерімізбен бірге фасилитативтік сессиялар өткіздік. Біз аймақтарды кластерлеу деп аталатын жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз. Өйткені қолөнерді дамытуға алғышарттар бар өңірде, айталық, кино өнерін дамытуға алғышарт бола бермейтінін түсінеміз. БҰҰДБ осы серпінді бағыттарды анықтауға көмектеседі», -
деп атап өтті өз сөзінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Шығармашылық индустрия әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады. Олар жаһандық ЖІӨ-нің 3,1%-ын құрайды және планетаның жұмыс істейтін халқының 6,2%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанда креативті салалардың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі әлі де 1%-дан аз.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров