БҰҰДБ зерттеуі: қазақстандықтардың 80%-ы климаттың өзгеруі мәселесін шешуге жеке үлес қосуға дайын

2022 ж. 16 September

Бүгін Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы «Қазақстан Республикасы халқының климаттың өзгеруі туралы хабардар болуы» әлеуметтік сауалнамасының нәтижелерін Нұр-Сұлтан қаласында таңғы пресс кездесуде таныстырды. 

Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 2168 адам қатысты. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров
«Қазақстандағы климаттық күн тәртібін ілгерілету біздің елдегі бағдарламалық қызмет аясындағы негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Осындай зерттеулер жүргізу Қазақстанның қандай да бір өңіріндегі халықты қандай экологиялық мәселелер толғандыратынын жақсы түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ осы мәселелерге қатысты халықтың хабардар болуының даму серпінін байқауға мүмкіндік береді», -
деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов.

Респонденттердің көпшілігі климаттың өзгеруіне адам факторы қатты әсер етеді деп санайды. Мәселен, респонденттердің 72,20%-ы адам әрекеті климатқа «жоғары әсер етеді» немесе «айтарлықтай әсер етеді» деген сенімде. Алайда респонденттердің жартысынан көбі халықтың климаттың өзгеру салдарына бейімделу шаралары туралы хабардар болуын төмен бағалайды (61,15%).

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров

2012 және 2020 жылдардағы зерттеулермен салыстырғанда, 2022 жылы адамдардың климаттың өзгеру проблемасына деген қызығушылығының шамалы төмендеуі байқалды. Бұл 2020 жылдан бастап (пандемия, геосаяси дағдарыс және т.б.) әлемде орын алған қуатты сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін. 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров
«Климаттың өзгеруінің салдары анық – температураның көтерілуі, жауын-шашынның өзгеруі, су ресурстарының қысқаруы, биоәртүрліліктің жоғалуы және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Басымдықтар ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, орман шаруашылығы және апаттар қаупін азайту сияқты климаттың өзгеруінен зардап шеккен негізгі секторлардың бейімделу қажеттіліктеріне бағытталған. Сонымен бірге, біз экологиялық проблемалар мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде мемлекеттік институттармен қатар азаматтық және бизнес қауымдастықтарының да маңызды рөл атқаратынын түсінеміз. Осы орайда мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасына осындай маңызды зерттеу жүргізгені үшін алғысымды білдіремін», –
деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров

Зерттеу мәселелеріне қызығушылықтың біршама төмендеуіне қарамастан, ол тұрақты болып қала беретінін атап өткен жөн, адамдар мұндай ақпаратты іздеуге белгілі бір белсенділікке ие, сонымен қатар олар тиісті шараларды жүзеге асыруға жеке қатысуға дайын.

Тұрғындардың басым бөлігі (80%-ға жуығы) елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін өз бетінше күш салуға – саналы тұтынуды ұстануға, ресурстарды пайдалануды қысқартуға, қалдықтарды сұрыптауға және т.б. дайын. Сұралғандардың жартысынан көбі (55,20%) Қазақстан халқының экологиялық мәдениетінің деңгейі орташа деп санайды. Салыстыру үшін 2012 жылғы зерттеуде сұралғандардың 63%-ы қазақстандықтар арасында экологиялық мәдениет деңгейін төмен деп есептеген.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы елдегі климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша қалта анықтамалығын дайындаған болатын. Бұл мазмұндық оқу құралы климаттың өзгеру себебін және оның қазақстандықтардың тыныс-тіршілігіне әсерін түсіндіру мақсатында кең аудиторияға арналған. Климаттық анықтамалық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Электрондық нұсқа мына жерде қолжетімді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Аубакиров