БҰҰДБ энергетикалық қызмет саласында Қазақстандағы алғашқы факторингтік келісімді қолдады

2020 ж. 30 September

 

 

Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен «Экосервис-2030» (Қостанай) энергетикалық қызмет компаниясы (ЭСКО)  және «First Factoring Company» (Алматы) факторингтік компанияларының пилоттық факторинг келісімін қолдады. «Экосервис-2030» ЭСКО Теміртау қаласындағы «Луч» пәтер иелері кооперативі мен Лисаковск қаласындағы «Дружба» үй-жайлар иелері кооперативінен БҰҰДБ-ГЭФ жобасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту құны бойынша субсидия алған бірнеше төлемдерге құқық берді.

Факторинг - бұл банктік несиенің кепілдіксіз алмастырушысы. Ол жеткізушіге болашақта оларға қолма-қол ақша табыстаудың орнына бүгін қаржыландыруды төлеуден тұрады.

БҰҰДБ-ГЭФ жобасы аясында факторингтік компания «Экосервис-2030» ЭСКО-дан Теміртау мен Лисаковск қалаларындағы жобалар үшін болашақ төлемдерін сатып алып, ЭСКО-ға жаңа жобаларға инвестиция құю мүмкіндіктерін ашты. Айта кету керек, бұл Қазақстан үшін энергетикалық қызмет саласындағы жасалған бірінші мәміле болып табылады.

Энергосервис - бұл ғимараттардың тиімділігін арттыруға бағытталған жеке сектор инвестицияларын қарастыратын бизнес-модель. ЭСКО өз қаражатын ғимаратты жылулындыру және сол сияқты іс-шараларға салады және ғимарат иелерінің жылу мен электр энергиясына шығындарын азайту арқылы үнемделген қаражат есебінен төлем алып отырады. Бұл ғимарат иелері үшін тиімді және ыңғайлы: тек олардың келісімі қажет, қаржы үнемдеу қамтамасыз етіледі. Әрине, ЭСКО өз инвестицияларын қайтарып, пайда таппайынша, бұл үнемделген қаржының бір бөлігі белгілі бір уақытқа дейін ЭСКО тарапына түседі.

Алайда, ЭСКО үшін белгілі бір келесідей қиындықтар туындайды: бір немесе екі жобаға үлкен қаражат салғаннан кейін ЭСКО болашақ төлемдерге ғана құқық алады: жаңартылған мүлік ЭСКО-ға тиесілі емес, және жаңа объектілерде жұмыс істеуді жалғастыру үшін кепілзатсыз несие алу мүмкін емес.

Мұндай жағдайларда факторинг - бұл мерзімі ұзартылған төлемдерді қайта табыстаудың оңтайлы құралы: факторинг компаниясы ЭСКО -дан болашақ төлемдерді сатып алады, ал ол өз кезегінде жұмысын әрі қарай жалғастыру үшін дереу қаражат алады (алайда пайдасының бір бөлігін факторингтік компанияға береді - несие бойынша пайыздарды аударған сияқты, бірақ факторингтің несиеден айырмашылығы – онда кепілдік талап етілмейді).

Бұл қарапайым және оңай болып көрінеді, алайда іс жүзінде Қазақстандағы факторингтің дамуына осы уақытқа дейін кедергі болған көптеген қиындықтар бар: тұрғын үй секторында тәжірибенің жоқтығы, операцияларды құжаттаудың күрделілігі және факторингті коллекциялық қызметпен жиі шатастыратын қарапайым адамдардың сенімсіздігі. Қазақстандағы факторингтің нарықтық орны - B2B, яғни, сатып алушылар төлем мерзімінің ұзартылғанын пайдаланған кездегі және қаржылық жағынан тұрақты ұйымдар болып табылған кезде заңды тұлғалар арасындағы операциялар, және олардың қарыздары факторингтік компаниялармен осындай тұрақты ұйымдардың жеткізушілерін жедел қаржыландырудың орнына ынталана қабылданады.

Қазіргі уақытта БҰҰДБ-ГЭФ бастамасы аясында факторинг пен энергетикалық қызметтердің бизнес-процестерін үйлестіру бойынша үлкен жұмыс аяқталды, үй иелерімен өзара әрекеттесу механизмдері пысықталды; факторингтік операцияларды жүргізу әдістемесін тексеру үшін жалпы сомасы 1 млн. теңгеге бірнеше мәмілелерді жүзеге асыру жоспарланған. Қарапайым мөлшеріне қарамастан, бұл мәмілелер аса маңызды, себебі көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық қызметтерге факторингті енгізудің негізгі мүмкіндігін дәлелдейді.

Болашақта факторинг еліміздегі ірі үнемдеу әлеуеті бар ірі энергия тұтынушысы болып табылатын тұрғын үй секторындағы энергетикалық қызметтерді дамытудың тиімді құралына айналады деп болжануда.