Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың 2026-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың 2026-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасы

2026 ж. 24 August

1994 жылғы 19 тамыздан бастап Қазақстан 1992 жылғы 5 маусымда Рио-де-Жанейрода қол қойылған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның толық қанды тарапы және қатысушысы болып табылады. 31 жыл бойы биоәртүрлі лікті сақтау мен орнықты пайдалану жүйесінің институционалдық негізін қалып тастыруда ауқымды жұмыс атқарылды. 

Биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшін құқықтық база қалыптастырылды, ол сайып келгенде Қазақстан Республикасы Экология кодексінің нормаларында  шоғырландырылып, оны іске асыру үшін қабылданған  заңға тәуелді құқықтық актілерде практикалық түрде іске асырылуда. 

Мемлекет басшысы биоәртүрлілікті сақтаудың ең өзекті мәселелерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды институттандыру жөнінде нақты және дәйекті саясат жүргізуде. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, эколо гиялық міндеттерді шешуге жауапты жеке министрлік құрылды. Бүкіл мемле кеттің үдемелі қозғалысында «жасыл векторды» белгілейтін елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы құрылымдық өзгерістердің негізі қаланды. 

Мәселен, 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 568 Жарлығымен жаңартылып, толықтырылды. Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың 2026-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) аталған құжаттың логикалық жалғасы болып табылады және «жасыл экономикаға» көшу тұрғысында биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалануға қатысты тәсілдерді кеңейтілген әрі тереңдетілген түрде айқындауға бағытталған.