Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметін пандемия кезінде дамытуға көмектесуде

2020 ж. 27 May

Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуде персоналды басқару қызметінің маңызды рөлін ескере отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп «HR практикум: HR трендтері және практикалық дағдылар» персоналды басқару қызметі мамандарын дамытуға арналған оқу бағдарламасын бастады.

Бес ай аралығында жүзеге асатын бағдарламаның аясында қатысушылар пандемияға байланысты адами ресурстарды басқаруды жаға талаптарға сәйкестендіру мақсатында орын алған  қазіргі тенденциялар және инновациялық шешімдермен танысады. Бағдарлама, сондай-ақ, персоналды басқару қызметі мамандарына постпандемия кезеңінде ұйымдада қажетті өзгерістерді жүзеге асыруға қажетті  жаңа құзіреттерді дамытуға көмектеседі.

Бірінші модульге Қазақстан мен Қырғызстанның орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің 50 өкілі қатысты.

Бағдарламаның тренері, «Қазақстанның HR менеджерлерінің республикалық қауымдастығы» үйлестіру кеңесінің төрайымы Гүлмира Раисова пандемия кезіндегі HR рөлінің артып келе жатқандығына назар аударды, ол  «Белгісіздікке, болжауға қиын, күрделілік пен түсініксіздікке толы әлемде HR рөлі стратегиялық деңгейге шығуда», - деді.

Бағдарламаның әр сабағы теориялық бөлімнен, ірі компаниялардың HR директорларымен сұхбаттасу және жаңа дағдыларды игеруге арналған практикалық сабақтардан тұрады.  Алғашқы боп сұхбаттты «Қазақстан темір жолы» АҚ Персонал жөніндегі басқарушы директор Тамилa Микулич берді, сұхбат барысында қатысушылар компанияда енгізілген тәжірибелер және жұмыста туындаған проблемалық жағдайларды талдады.

Бағдарламаның бірегейлігі - бұл HR саласындағы ең сәтті және жаңа тәжірибелерді ұсынатындығында. Бағдарламаның құрылымы қатысушыларға алған дағдылары мен білімдерін тәжірибеде бірден қолдануға мүмкіндік береді.

Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға және қазіргі жағдайда олардың қызметін жақсартуға арналған құралдарды іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдау жұмыстарын жалғастыруда.