Цифрлық шешімдер тізімдемесі

Қазақстанда БҰҰДБ қызметтің барлық бағыттары мен тақырыптық салаларында даму нәтижелерін нығайту үшін цифрлық технологияларды пайдаланады. Оларды қолдану аясы кең әрі трансформациялық сипатқа ие. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік қызметтердің цифрлық порталы мен АТ саласындағы мамандардың мүмкіндіктерін жаңғыртудан бастап мемлекеттік сектордағы цифрлық трансформацияны жеделдетуге дейін, жабайы табиғатты мониторингілеу үшін спутниктік телеметрияны енгізуден бастап Қазақстандағы цифрлық гендерлік алшақтықты жоюға дейін. Инновациялық қызметтің барлық осы бағыттарында біз елге инклюзивті және тұрақты цифрлық қоғамды құруға көмектесеміз.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Отбасының цифрлық картасы – бұл govtech саласындағы жетекші шешім, ол саяси шешімдер қабылдайтын органдарға нақты уақыт режимінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылар туралы агрегатталған деректерге қол жеткізуге көмектеседі. Платформа Қазақстандағы халықтың неғұрлым осал топтары үшін біртұтас, гендерлік-сезімтал және тиімді әлеуметтік қолдау жүйесін құрады. Осы күні Әлеуметтік кодекстің негізінде жатқан осы жобаның арқасында Қазақстанда 6 миллионнан астам отбасы картаға түсірілді. Мұндай ашық ақпарат мемлекеттік шығындарды жақсырақ жоспарлауға және нақты уақыт режимінде алынған мәліметтер негізінде атаулы әлеуметтік көмекті дәлірек бағыттауға мүмкіндік береді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Әлеуметтік қызметтер порталы қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы адамдар мен отбасыларға әлеуметтік қызметтер мен көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Бұған «бір терезе» құру арқылы қол жеткізіледі, онда мұндай отбасылар қызмет жеткізушілердің бірқатарына қол жеткізе алады. 13 мемлекеттік мекеме дерекқорларының ақпараттық жүйелерімен біріктірілген портал әлеуметтік қызметтер мен көмекші құралдарды жеткізушілер мен тұтынушыларды бірыңғай цифрлық платформада біріктіреді.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

SMART технологияларын пайдалану SMART технологияларына негізделген патрульдеу және мониторинг жүйесін енгізу арқылы жабайы табиғатты қорғау жүйесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) қорғау қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жақсартуға көмектеседі. SMART жүйесі экологиялық инспекторлардың, ЕҚТА ғалымдары мен қорықшылардың жұмысын бақылау үшін өзінің компьютер бағдарламасы мен SMART мобилді қосымшасын пайдаланады. Мобилді қосымша сонымен қатар патрульдеу және бақылау деректерін орталықтандырылған сақтауға мүмкіндік береді.

Елдің ұлттық парктеріне виртуалды турлар бес қорғалатын табиғи аумақтың туристік нысандарын онлайн режимінде көруге мүмкіндік береді. Смартфонды, ноутбукты немесе планшетті қолдана отырып, туристер қорғалатын табиғи аумақтармен таныса алады, жабайы табиғаттың мекендейтін жерлерін тамашалай алады, шым-шытырман маршруттарды көре алады. Виртуалды турлар Қазақстанның бірегей табиғи әлеуетін, қорғалатын аумақтарда экотуризмді дамытуды насихаттауға және отандық әрі шетелдік туристердің қорықтарға деген қызығушылығын ынталандыруға арналған.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Ормандарды есепке алу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану. Өнеркәсіптік дрон көбінесе жетуге жолы қиын ормандарда өсетін жекелеген ағаштардың жасы, қоры/саны, өсуі мен көлемі туралы деректерді жинауға мүмкіндік береді. Дрондағы суреттер арнайы бағдарламалардың көмегімен декодталады. Содан кейін жердің, рельефтің және орман шымылдығының цифрлық моделі, сондай-ақ екпелер тығыздығының модельдері жасалады.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қашықтықтан мониторингілеу – қар барысы, жойылып бара жатқан түр, фототұзақтар мен оның қозғалысын бақылау мен қадағалаудың спутниктік жүйесі арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу объектісі болып табылады. Оның Қазақстандағы тіршілік ету ортасы бірнеше тау жоталарында 2 млн гектардан 4,98 млн гектарға дейін құрайды. Мақсат – қауіп қатерді азайту мен осы түрді сақтау шараларын жақсарту жолдарын іздеу үшін оның көші-қон жолдары мен тіршілік ету ортасын анықтау.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Гендерлік теңдікке қол жеткізуге арналған цифрлық шешімдер. Spotlight Digital Challenge жобасы аясында құрылған «Зорлық-зомбылыққа қарсы АТ» онлайн идеялар марафоны зардап шеккендерге көмек көрсету және гендерлік зорлық-зомбылық (ГЗ) туралы деректер жинау үшін жастардың гендерлік теңсіздік проблемалары мен салдарын және ГЗ-ға, оның ішінде интернеттегі ГЗ-ға қарсы іс-қимыл жасау үшін АТ пайдаланудың артықшылықтарын түсінуіне бағытталған.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

CLARITY – әйелдердің медициналық көмекке және диагностикаға қол жетімділігін жақсартатын қосымша. Әйелдер өздері мен олардың дәрігерлерінің диагностикасын жақсарту үшін ұжымдық медициналық қорытынды беретін халықаралық акушер-гинекологтардың сенімді тобына жүгіне алады. 2022 жылы CLARITY жобасын жүзеге асыруға әлеуметтік әсер ету инновацияларын ілгерілетуге бағытталған БҰҰДБ BOOST бағдарламасынан $10000 мөлшерінде грант берілді.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Airvision.kz – ауа сапасын бақылауға, экологиялық бұзылулар туралы ақпарат етуге, хабардарлықты арттыруға және геймификация функциялары бар экологиялық білім беру мүмкіндіктерін ұсынуға арналған платформа мен мобилді қосымша. Қазақстандағы БҰҰДБ-ң Акселератор зертханасы Airvision.kz-мен БҰҰДБ-ның «Қалаларды трансформациялаудың қалалық эксперименттік қоры» өңірлік бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында ауа сапасын жақсарту бағытында бірге жұмыс істеді.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Энергия тиімділігі мен экологиялық таза энергетикалық технологияларды енгізу саласындағы автоматтандыру орталық, автономды жылумен жабдықтау жүйелері мен газ қазандықтарына арналған энергия үнемдейтін құрылғы болып табылатын жаңа «Волна» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жүзеге асырылады. 2022 жылдың соңында аталған энергия үнемдеу құрылғысы Қостанай және Қызылорда облыстарында, Астана және Теміртау қалаларында шамамен 60 нысанға орнатылды.

Кешенді әлеуметтік қызмет көрсетудің цифрлық моделінің құралы ретіндегі мобилді қосымша. Қосымша мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын кейіннен талдау және есептеу үшін әлеуметтік тәуекелдің әртүрлі санаттарына жататын отбасылар туралы (мысалы, отбасы құрамы, тұрғын үй жағдайлары) сенімді ақпаратты жинау және жаңарту жүйесін жетілдіреді.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Судьялыққа үміткерлерді бағалау жүйесін автоматтандыру – бұл жазбаша жұмысты жеті критерий бойынша бағалауға мүмкіндік беретін машиналық оқытуға негізделген веб-қосымша, оның ішінде: берілген тақырып бойынша проблемалық мәселелерді анықтау және талдау қабілеті; ойлау креативтілігінің маңыздылығы; мәселелерді шешудің практикалық және жүзеге асырыла алатын жолдарын анықтау.

Фото: AI-мен жасалған/Midjourney

Мемлекеттік қызмет саласындағы инновацияларды жеделдету зертханасы – бұл инновациялық шешімдерді, тәсілдер мен технологияларды іздеуге, сондай-ақ оларды тиісті мемлекеттік мекемелерде сынақтан өткізуге арналған платформа. Мақсат – бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы алшақтықты жою. Осы жұмыстың арқасында жеделдету үшін келіп түскен 32 өтінімнің ішінен 10 стартап таңдалып, 2 өнім – Pro.Tourism және AI-Legal өнімдері жарық көрді.