Қазақстандағы климаттық уәде – уәдеден әсерге дейін
Жоба Қазақстанның жаңартылған Ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарын (ҰДАС) іске асыруға және көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсетуге бағытталған. Ол үшін парниктік газдар шығарындыларының негізгі өнеркәсіптік көздерінің бірі болып табылатын цемент және металлургия салаларын декарбонизациялауға ерекше назар аударылады. Жоба шығарындылар профилін және оларды қысқарту әлеуетін бағалауды, сондай-ақ төмен көміртекті технологиялар мен ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізу жөніндегі практикалық шараларды әзірлеуді көздейді.
Жоба бес негізгі компоненттен тұрады:
Цемент және металлургия салаларындағы шығарындылар профилі мен оларды азайту әлеуеті бойынша ұлттық зерттеу жүргізу;
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді технологияларға көшуіне арналған салалық төмен көміртекті стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу;
Цемент кәсіпорны үшін ЕҮҚТ негізінде кешенді экологиялық рұқсат алу рәсімін пилоттау және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындау;
Мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және кәсіпорындардың төмен көміртекті даму және ЕҮҚТ енгізу саласындағы әлеуетін арттыру және консультациялар өткізу;
Төмен көміртекті бағдарламалар мен технологияларды іске асыруды қолдау үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп жасыл қаржыландыруды тартуға жәрдемдесу.
Жоба үйлестірушісі:
Айдын Бакдолотов
E-mail: aidyn.bakdolotov@undp.org
Жобаның ұзақтығы:
2025 жылдың желтоқсаны – 2027 жылдың маусымы
Жоба бюджеті:
216.000 АҚШ долл.
Ұлттық серіктестер: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, цемент және металлургия салаларының кәсіпорындары, салалық қауымдастықтар
Донор:
Германия Үкіметі