Теңдікке қиын қыстау жол арқылы – Ғылымдағы әйелдер

2021 ж. 11 February

«Мен өз отбасымда магистратураға түсе алған жалғыз әйелмін. ЕО-БҰҰДБ бастамасының арқасында мен “Тау-кен ісі” бойынша білімімді жалғастыра алдым. Техникалық мамандық бойынша оқуға шешім қабылдау маған оңай болған жоқ, мен көптеген кедергілерден өттім. Сондықтан, мен әйелдердің күш-жігері мен олардың ұмтылыстары әлемді тек болашақ ұрпақ үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі таңда осы өзгерістерге мұқтаж адамдар үшін де жақсы жаққа өзгерте алады деп сенемін », - дейді Ауғанстаннан келген Асифа. Асифа 26 жаста және ол Алматыдағы Satbayev University университетінде тау-кен факультетінің студенті.

Ғылымдағы гендерлік теңдік - тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде маңызы зор. Көптеген үкіметтер әйелдер мен қыздарды ғылымға тарту үшін көп күш жұмсауда. Алайда, аталған белсенді халықаралық ұстанымға қарамастан, ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында гендерлік тепе-теңдікке әлі де қол жеткізілген жоқ. Әлемде әйелдер мен қыздардың тек 30%-ы ғана[1] STEM-мен байланысты білім салаларын таңдайды. Қалыптасқан гендерлік стереотиптер мен қоғамдағы тұрақталып қалған теріс ұғымдар әйелдердің ғылым мен техникаға деген қызығушылығына ықпал етпей ғана қоймай, сонымен қатар оларды тежейді. Бұл салаларда ғылымдағы өз жеке мысалы арқылы басқа әйелдерді шабыттандыра алатын көшбасшы әйелдер санының аз болуы да маңызды орын алады.

Ауғанстанда қыздар орта білім алу кезінде де қиындықтарға тап болады. Кедейлік, гендерлік стереотиптер мен әлеуметтік нормалар, қауіпсіздік мәселесі қыздардың білім алуға еркін қол жеткізуіне кедергі келтіреді. Тіпті салыстырмалы түрде бейбіт уақыттың өзіндеүйден мектепке дейінгі жол қиын әрі қауіпті болуы мүмкін, өйткені қоғамдағы білімге, әсіресе қыздардың білім алуына деген көзқарас екіұшты.

«Ауғанстандағы қыздар үшін білім алу өте маңызды шешім. Мектепке немесе университетке баратын жол қауіпке толы болуы мүмкін. Білім барлық қоғамдағжақсы деп санала бермейді. Үйден шыққан сайын мен өзімді осал және сенімсіз сезінетінмін. Кейбір адамдар өздерінің негативті көзқарасын қысылмастан білдіреді», - дейді Асифа.

Табандылық пен батырлық - жарқын болашақ кепілі

Барлық қиындықтарға қарамастан, білім алуға ұмтылатын ауған әйелдерінің саны өсуде. Егер 2002 жылы Ауғанстанның университеттерінде 1 746 әйел болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 45 000-ға дейін өсті[2]. Ауған әйелдерінің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде оң динамика бар, бірақ білім берудегі гендерлік теңдікке әлі де қол жеткізілген жоқ.  2017-2018 жылдары Ауғанстандағы барлық ЖОО студенттерінің тек 20%-ы ғана әйелдер, дегенмен[3], БҰҰ статистикасы бойынша әйелдер ел халқының тең жартысын құрайды.

Әлеуметтік стереотиптер қолдайтын білім берудегі кедергілер қыздар мен әйелдердің білім саласына қатысуы және олардың  үлгерімінің төмендеуіне тікелей әсер етеді, әсіресе STEM бағытында.

«Сендерге тау-кен ісін оқу  не үшін керек? Бұл сала қыздарға арналмаған». Бұл сөздерді Асифа мен оның құрбысы үй тапсырмасы бойынша сұрақ қойып тұрғанда, өз мұғалімдерінен естіген. Мұнай-газ инженері мамандығы бойынша оқыған 40 адамнан тұратын топта Асифа және оның құрбысы жалғыз қыздар болды. Мұғалімнің келіспеушілігі Асифаның шешіміне деген сенімділігін тек арттыра түсті.

Өз ісінің білгірі болып, елді қалпына келтіру - Ауғанстаннан келген студенттің арманы

«Ауғанстан - табиғи ресурстарға бай мемлекет, бірақ бұл ресурстарды игеру үшін елде білікті мамандар жеткіліксіз. Осы себепті, мен тау-кен  ісін оқуға бел будым.

Ауғанстанда әйелдер көбінесе өндіріс (кілем жасау және қолөнер), ауыл шаруашылығы және халыққа қызмет көрсету (білім беру және денсаулық сақтау) саласында жұмыс істейді. 2017 жылы олар елдегі барлық жұмысшылардың 30[4] пайызынан азын құрады. Қоғамда жыныстық, кәсіптік және өндірістік сегрегация әлі де кездеседі.

ЕО-БҰҰДБ білім беру бағдарламасы әйелдерді қолдайды

Қазіргі уақытта Асифа Қазақстанда білім алуда, ол Алматыдағы Satbayev University университетінде магистр дәрежесіне ие болады. Ол ЕО қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын трансшекаралық бастама арқылы білім беру стипендиясын алған 50 ауған әйелдерінің бірі. Бағдарламаның мақсаты - білім беру арқылы ауған әйелдерінің экономикалық құқығы мен мүмкіндіктерін арттыру. Ауғанстандағы тау-кен өнеркәсібі әйелдер үшін ең танымал сала емес екеніне қарамастан, Асифа оқудан кейін үйге оралып, осы саланың дамуына үлес қоссам деген арманмен өмір сүреді. Ол тау-кен ісі бір кездері әйелдердің жұмыс істеуі үшін қауіпсіз орын болады деп сенеді.

Бақытымызға орай, Асифаның оны қолдап отыратын өз отбасы бар. Оның әкесі, кітап дүкенінің иесі, ешқашан университетте оқымаған. Қоғамдық пікірге қарамастан, Асифаның әкесі бес баласының бәрінің бірдей білім алуға деген ұмтылысын қолдап келеді. Ауғанстанда көбінесе ер балаларға мамандық пен мансап таңдау еркіндігі беріледі, ал қыздарда таңдау мүмкіндігі аз болады. Студент әкесінің туыстарымен дауласып, оларға барлық балалары үшін білімнің маңызды екенін түсіндіру жолында пікір-таласта жүргендігін еске алады. Ол оның барлық академиялық бастамаларын үнемі және табанды түрде қолдап келді.

«STEM немесе басқа салада болсын, оқуға және мансап құруға бел буған Ауғанстандағы әрбір қыз - чемпион. Бас тартуға және жекпе-жекті тоқтатуға көптеген себептер бар, бірақ өз-өзімізді әрі қарай жетілдіру деген шешімімізде табандылық көрсетіп, одан бас тартпауымыз керек. Бүгінде білім алып жатқан әйелдер көбеюде, бұл олардың экономикалық мүмкіндіктерінің кеңейе түсуін білдіреді. Біздің бүгінгі ерік-жігеріміз бен ерлігіміз ертеңгі күні көптеген әйелдер үшін білім мен мансапқа қол жетімділікті ашады. Біздің болашағымыз өз қолымызда», - деп аяқтайды Асифа.

_____

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын бұл бағдарлама ауған әйелдеріне Қазақстан мен Өзбекстанның университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді. Бастама Ауғанстаннан келген әйелдерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін беруге бағытталған. Ауғанстандағы әйелдер ер адамдармен салыстырғанда қоғамдағы тұрақты кедергілерге байланысты жұмысқа орналасу және білім алу кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болады. ЕО қаржыландыратын және БҰҰЛБ жүзеге асырылатын бағдарлама аясында 2025 жылға дейін жалпы 50 әйел Орталық Азиядағы университеттерде білім алады.

Бұл мақала  Еуропалық Одақтың қаржылай көмегімен шығарылды. Мақала мазмұны Қазақстандағы БҰҰДБ-ның жеке жауапкершілігі болып табылады және оны Еуропалық Одақтың көзқарасы деп түсінуге болмайды.


[1] United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization (UNESCO), Cracking the code: girls' and women's education in science, technology, engineering and mathematics (STEM), 2017, p. 20.   https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000253479

[2] Fred Hayward, “Afghanistan. Progress on Gender Equity in Higher Education,” University World News, 17 January 2017. https://www.universityworldnews.com/post.php?story=20170111130351745

[3] Madina Junussova et al., The Role of Women in the Economic Development of Afghanistan, University of Central Asia, Graduate School of Development, Institute of Public Policy and Administration, 2019, p. 31.

https://www.ucentralasia.org/Resources/Item/2342/EN

[4] The Role of Women in the Economic Development of Afghanistan, p.10.