Гендерлік стереотиптерді жою - Мен өзім шешемін.

2022 ж. 25 November

 

Гендерлік теңдік – әрбір әйел мен қыздың әлеуетін дамыту мен жүзеге асырудың маңызды шарты. Алайда, көбінесе қоғам, отбасы, достар бекітетін патриархалдық нормалар мен гендерлік стереотиптер әйелдер мен қыздардың өз өмірін қалай көргісі келетінін шешуге кедергі келтіреді. Стандартты емес таңдау және нормадан ауытқу айыпталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны күндерінде біз әрбір әйел мен қыз өмірінде өз жолын таңдай алуы үшін олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін шектейтін гендерлік стереотиптерді жоюға шақырамыз.