Барысты сақтау – адамдар мен планетаның әл-ауқаты

2023 ж. 23 October
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Салтөре Сапарбаев

23 қазан - Халықаралық қар барысы күнi 
Қар барысы – тау нышаны және жер бетіндегі ең аз зерттелген және ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі. Ол әлемнің 12 елде мекендейді және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қазақстанда қар барыстарының саны 141-183, ал олар тіршілік ететін аймақтар Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр және Тянь-Шань тау экожүйелерін қамтиды.
Бүгінгі таңда қар барысын зерттеуге және сақтауға бағытталған бірлескен күш-жігердің арқасында оның Қазақстандағы саны соңғы 30 жылда екі есеге артты.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, қар барысына әлі де қауіп төніп тұр.
Қар барыстары санының азаюына басты қауіп төндіретіндер: климаттың өзгеруі, браконьерлік, шаруашылық және экономикалық қызмет аясының кеңеюі.
Қар барысының әл-ауқаты басқа жабайы табиғат популяциясында маңызды рөл атқарады және экожүйелердің күйіне және адамдардың әл-ауқатына әсер етеді. Оның санының азаюы жердің деградациясы және шөлейттену сияқты ауыр экологиялық зардаптарға әкеледі.
2018 жылдан бері БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Қазақстанда қар барыстарын зерттеу және сақтау жобасын жүзеге асырып жатыр.
Қар барысын сақтай отыра, адамдар мен ғаламшардың орнықты дамуына қол жеткізу үшін биоалуантүрлілікті және құнды экожүйелерді де сақтай аламыз.