ECOJER «Green Life Better» Халықаралық Конгресіндегі БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш мырзаның мәлімдемесі

2022 ж. 2 June
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Қадірлі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Алихан Асханұлы!

Ханымдар мен мырзалар!

Мен өтіп отырған ECOJER Халықаралық конгресіне қатысып отырғаныма өте қуаныштымын.

Бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында біз ECOJER халықаралық «Green Life Better» конгрессіне жиналып отырғанымыз өте символдық болып табылады. Биылғы жылы «Тек бір Жер» ұранымен планетамызды қорғау және қалпына келтіру үшін ұжымдық, трансформациялық әрекеттерге шақырады.

Бүгінгі күні, антропоцен дәуірінде планетаға қысым күшейіп келеді және климаттың өзгеруі дамуға және, егер бұл реттелмеген болса, адам өміріне ең үлкен қатерлердің бірі болып табылады.

Климаттың өзгеруінің көптеген әсері су арқылы сезіледі. Климаттың өзгеруі жаһандық суға деген сұранысты одан әрі арттырып, қолжетімді судың уақыты, саны мен сапасының өзгерістері су ресурстары үшін бәсекелестікті күшейтеді деп күтілуде.

Климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсері экстремалды континенттік климаты бар аймақтар үшін және суды пайдаланудың маңызды бөлігі ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты елдер үшін өте маңызды. Қазақстан да осы елдердің бірі болып саналады.

БҰҰДБ-ның климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін зерттеуі көрсеткендей, 50-70 жылдан кейін Балқаш-Алакөлді қоспағанда, барлық гидроэкономикалық бассейндерде ағынның айтарлықтай төмендеуі күтілуде. Мұздықтардың шегінуінің салдары қазірдің өзінде елдің кейбір аймақтарында байқалып, су тасқыны мен лай көшкіні күшейді.

Суға деген сұраныстың артуы суды басқарудың нашарлығымен бірге судың күйзелісін арттырады. Климаттың өзгеруі қысымды күшейтуде. Біз бұрынғыдай жұмыс жасай алмайтынымызды анық түсінеміз. 

Бүгінгі таңда біз табиғатпен бірге дамып, табиғатқа инвестиция жасай алу үшін стратегияларымызды қайта ойлап табуымыз керек.

Осы тұрғыда біз климаттың өзгеруін азайту мен су арасындағы байланыс өзара байланысты екенін түсінеміз. Су және климат мәселелерін тиімді шешу үшін біз оларды бірлесіп шешуіміз керек.  Біз БҰҰДБ ретінде осы істерге көмектесу үшін бар күшімізді саламыз.

Біз Орталық Азия елдерінің Арал маңындағы бейімделу стратегияларын әзірлеудегі бірлескен күш-жігеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Мысал ретінде Арал және Қазалы аудандарын функционалдық аудандастыру атласын, жердің тозуын жою мақсатында орман өсіруді, Арал ауданындағы шөлейттену мен жердің тозу процестерін кеңістіктік бақылауға арналған геопорталды жатқызуға болады.

Еліміздегі судың 66 пайызын тұтынатын ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында Ислам даму банкімен серіктестік орнаттық. Біз ұлттық және аймақтық су органдарына ауыл шаруашылығындағы суару үшін, су ресурстарын басқаруды жақсартуға көмектесу үшін Ислам Даму Банкімен серіктестікке қол жеткіздік. Қазақстанның оңтүстігіндегі пилоттық жобаларымыз бүкіл елге үлгі бола алады.

Қолда бар су ресурстарын тұрақты пайдалану үшін, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру, суару және дренаждық жүйелердің жағдайын жақсарту, Қазақстан өңірлерінде суды аз қажет ететін ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге көмектесетін ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу біздің қолдауымыздың басқа мысалдары болып табылады.

Бұл жобалардың барлығы БҰҰДБ мен Қазақстан Үкіметі арасындағы су ресурстарын мемлекеттік саясат деңгейінде басқару және ел аймақтарындағы нақты пилоттық мысалдар бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.

Бұл үдерістің басында үкімет тұрғаны анық. БҰҰДБ ретінде біз елдің тұрақты дамуға деген көзқарасын және елдің климаттың өзгеруімен және тұрақты трансформациямен күресу бойынша Қазақстанның әрекеттері үшін негіз жасағанын жоғары бағалаймыз.

Әрине, мұны әлемдегі ешбір үкімет жалғыз жасай алмайды. Қажетті өзгерістерді енгізу және қолдау үшін серіктестіктер мен одақтар құрылуы керек. Ал біз БҰҰДБ ретінде осы даму жолында мемлекетті және Қазақстан халқын қолдауға әрқашан дайынбыз.

Назарларыңызға рахмет.