Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін «жасыл» жобаларды қаржыландыру

Қазақстан мен Жапония ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда

2023 ж. 24 March

Жапония Үкіметі Париж келісімі шеңберінде елдердің климаттық міндеттемелеріне қол жеткізудің жаңа құралы – «бірлескен кредиттік механизм» шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Бұл механизмнің артықшылықтары мен талаптарын Жапония Үкіметі мен қазақстандық делегация БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған Жапонияға жақында танысу сапары аясында талқылады. 

«Бірлескен кредиттік механизм» шеңберінде жобаларды іске асыру Париж келісімінің мақсаттарын іске асыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан көміртегі шығарындыларын азайту бірліктерін бере отырып, «жасыл» инвестицияларды тартатын өңірдегі алғашқы елдердің бірі бола алады", –
деп атап өтті Жапония тарапымен кездесулерге қатысқан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттың өзгеруіне бейімделу басқармасының басшысы Шаттық Тастемирова.
Photo: UNDP Kazakhstan

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттық амбициялар жөніндегі саммит барысында елдің күшейтілген ұлттық климаттық жоспарына сәйкес Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі жөнінде өршіл мақсат қойған болатын. 

Жапония үкіметі ұсынған «бірлескен кредиттік механизм» озық технологияларды таратуға жеке инвестицияларды тартуды және парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңіру үшін инфрақұрылым құруды көздейді. Жобалар серіктес елде (бұл жағдайда - Қазақстан) іске асырылуда, бұл ретте іске асырылатын жобалардан шығарындыларды қысқарту көлемі ішінара осы жобаларға инвестиция салатын елге (бұл жағдайда - Жапония) жазылады. Атап айтқанда, ұсынылып отырған механизм «жасыл» жобаларды іске асыруға мүдделі кәсіпкерлер үшін төмен көміртекті технологияларға арналған шығыстарды субсидиялауды көздейді. 

Photo: UNDP Kazakhstan

Сапар барысында тараптар меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады, оның шеңберінде «бірлескен кредиттік механизмді» іске қосу, қажетті реттеуші базаны, парниктік газдар шығарындыларының қысқаруын мониторингілеу және валидациялау жүйесін құру және Қазақстанда механизмді іске асыру шеңберінде парниктік газдардың қысқаруын есепке алудың ашықтығын қамтамасыз ету көзделетін болады. 

Photo: UNDP Kazakhstan

Бүгінде ел «жасыл» инвестицияларды тарту үшін көміртегі нарықтарының мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Осы мақсатта Қазақстан «жасыл» экономикаға инвестициялаудың жаңа құралдарын дамыту үшін нормативтік, институционалдық және заңнамалық нормаларды әзірлеуде. БҰҰДБ қолдауымен «жасыл» жобаларды қолдау жүйесін қалыптастыру бойынша талдамалық және сараптамалық қолдау көрсетіледі, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу, тұрақты ауыл шаруашылығы және т.б. саласындағы пилоттық бастамалар іске асырылуда. 

Бұл шаралардың барлығы Қазақстанға елдің өндірістік қуаттарын технологиялық жаңғыртуға, төмен көміртекті жобаларды іске асыруға, оның ішінде «халықаралық деңгейде берілетін климаттың өзгеруін болдырмау нәтижелері» есебінен «жасыл» қаржыландыру тарту үшін жағдай қалыптастыратын болады (ITMO)*.

*Internationally Transferred Mitigation Outcomes - Париж келісімінің шығарындыларын саудалаудың халықаралық механизмі шеңберінде қолданылатын парниктік газдарды қысқарту бірліктері.