Әлемдегі әрбір сегізінші ел ғана әйелдерді пандемия жағдайында қолдау мен қорғауға қатысты тиісті шараларды қабылдады

2020 ж. 29 September

 

БҰҰДБ және “БҰҰ-Әйелдері” Құрылымы жақында шығарған, гендер мәселесі ескеріле отырып жасалған, COVID-19 пандемиясына ден қою бойынша ғаламдық бақылау трекері көрсеткендей, көп жағдайда пандемияның әсеріне байланысты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды жобалау кезінде әйелдердің қажеттіліктері ескерілмейді.

Әлемнің көптеген елдері COVID-19 дағдарысының экономикалық және әлеуметтік салдарынан әйелдер мен қыздарды қорғауда жеткіліксіз шаралар қабылдауда, деп мәлімдеді бүгін БҰҰДБ және “БҰҰ-Әйелдері”  Құрылымы шығарған Гендер мәселесі ескеріле отырып жасалған, COVID-19 пандемиясына ден қою бойынша ғаламдық бақылау трекері[1].

Трекер 2500-ден астам шараларды, 206 ел мен аумақты қамтиды және үкіметтің шараларын гендерлік тұрғыдан үш бағытта талдайды: әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, ақысыз медициналық көмекке қолдау көрсету және әйелдердің экономикалық қауіпсіздігін нығайту.

Нәтижелер көрсеткендей, әлемнің 42 мемлекеті, яғни талданған елдердің бірден бес бөлігі (20%), гендер мәселесі ескеріліп жасалған, COVID-19 пандемиясына ден қою шараларын мүлдем даярламаған. Тек 25 мемлекет, әлемнің 12% -ы, үш саланы да қамтитын шаралар енгізді. Оларға: пандемия кезінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың өсуіне қарсы тұру үшін сенім телефондарымен қамтамасыз ету, баспана немесе заңи қолдау көрсету, әйелдерге арналған ақша аударымдары, күтім бойынша қызметтер немесе отбасылық және сырқат бойынша ақылы демалыс ұсыну кіреді.

«COVID-19” дағдарысы елдерге қолданыстағы экономикалық модельдерді әлеуметтік әділеттілік пен гендерлік теңдікке басымдық беретін жаңартылған әлеуметтік келісімшартқа айналдыру мүмкіндігін береді. Бұл жаңа гендерлік трекер үкіметтің күш-жігері мен қаржыландыруындағы олқылықтарды анықтап, әлемдік тәжірибеге назар аудара отырып, саясатты реформалауды жеделдетуге көмектесе алады», - деді БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Ахим Штайнер.

«COVID-19” пандемиясы кезінде әйелдердің - өздерінің қанаушыларымен бір шаңырақ астында қамалған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ретінде, күтім еңбегі үшін сыйақы алмайтын  отбасылар мен қоғам қамқоршысы ретінде және әлеуметтік қорғаныссыз жұмысшылар ретінде ауыр зардап шегетіні анық. Ғаламдық бақылау трекері үкіметтерге ең алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағдарламалары мен қамқорлық бағдарламаларындағы прогресті қадағалау арқылы дұрыс саясаттық шешімдер қабылдауға қолдау көрсетеді», - деді ФМЗИЛЕ МЛАМБО-НГКУКА, “БҰҰ-Әйелдері”  Құрылымының атқарушы директоры.

Жаңа деректер көрсеткендей, үкіметтер бірінші кезекте, COVID-19 барысындағы гендерлік мәселеге байланысты күш-жігерін әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға және/немесе жауап беруге бағыттаған - бұл шаралар барлық анықталған әрекеттердің 71% немесе 135 елдердегі 704 шараны құрайды. Олардың 63% -ы баспана, сенім телефондары және басқа есеп беру механизмдері сияқты негізгі қызметтерді күшейтуге бағытталған. Алайда, тек 48 мемлекет, немесе талданғандардың төрттен бірінен аз бөлігі, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты шараларды COVID-19 пандемиясына қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық және жергілікті жоспарларының ажырамас бөлігі ретінде қарастырған және олардың өте аз бөлігі бұл шараларды жеткілікті түрде қаржыландырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік қауіпсіздік шаралары, қамқорлық және жұмыспен қамту дағдарысына ден қою шаралары әйелдердің қажеттіліктерін елеусіз қалдырды, тек 85 елде ғана әйелдердің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған 177 шара (жалпы санының 10%) қолға алынды. Елдердің үштен бірінен аз бөлігі (барлығы 60) ғана балаларға, қарттарға немесе мүгедектерге ақысыз күтім жасау қызметін қолдау және күшейту бойынша шаралар қабылдады.

Анықталған трекер нәтижелері бойынша ұсыныстар

Нәтижелер көрсеткендей, гендерлік мәселелер бойынша көптеген әсерлі шаралар қабылданған елдердің өзінде, аталмыш шаралар тек ұзақ уақыт бойы тиісті қаржыландыру мен қолдаудың арқасында ғана тиімді болады. Әрі қарайғы ұсыныстарға мыналар кіреді:

• Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет және оның алдын-алу жақсы қаржыландырылатын негізгі шаралар ретінде қарастырылуы керек және COVID-19 панедемиясына ұлттық және жергілікті ден қою шараларының ажырамас бөлігі болып енгізілуі  керек;

• Пандемияға қарсы әрекет пен қалпына келтіру әйелдерді айналып өтпейтіндігіне көз жеткізу үшін қаржылық пакеттерді әзірлеу қажет, сондай-ақ,

• Үкіметтер әйелдердің COVID-19 пандемиясына ден қою шараларын іске қосу барысында көшбасшылық пен шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуын қолдауы керек және пандемияның гендерлік сараланған әсерін тану және тиімді шешілуін қамтамасыз ету үшін жынысы бойынша бөлінген деректерді жинауға қаражат салуы керек.