Әлем "жасыл трансформациядан" алатын әлеуметтік және экономикалық пайдаға қауіп төніп тұр – делінген БҰҰ Даму Бағдарламасының баяндамасында

Жаңа мүмкіндіктер ашып, теңсіздіктің өсуіне және экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне жол бермеу үшін әділ ауысуға көбірек көңіл бөлу керек

2022 ж. 5 November
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Егор Гончаров

"Жасыл трансформациямен" ашылатын мүмкіндіктерді мойындамайтын елдер әлеуметтік теңсіздікті, белгісіздікті арттыру және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендету қаупін тудырады. Бұл парниктік газдардың нөлдік шығарындыларына ауысу процесін тиімсіз басқару жағдайында мүмкін болады, делінген бүгін БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) алдағы COP27 климат бойынша келіссөздер қарсаңында жариялаған "Әділ ауысу Париж келісімінің орындалуын қалай қамтамасыз ете алады" атты жаңа баяндамада.

Елдер тұрақты экономикаға көшкен сайын, бұл процестің әділ және тең негізде жүзеге асырылуы өте маңызды. Париж келісімінің жаһандық климаттық мақсаттарына жету үшін әділ ауысу ұғымы маңызды.

Баяндамада Париж келісімі аясындағы соңғы ұлттық климаттық міндеттемелердің 38%-ында және ұзақ мерзімді стратегиялардың 56%-ында әділ ауысу туралы айтылады. Бірақ соған қарамастан, алда әлі көп жұмыс бар.

Зерттеу Ұлттық анықталған салымдар (ҰДАС) деген атаумен белгілі кеңейтілген қысқа мерзімді климаттық міндеттемелерді, сондай-ақ елдер нөлдік шығарындыларға қол жеткізу жоспарларын сипаттайтын ұзақ мерзімді стратегияларды талдайды. Баяндамада бес ел - әділ ауысу саласындағы көшбасшылар Антигуа және Барбуда, Коста-Рика, Үндістан, Сербия және Оңтүстік Африка қолданатын тәсілдер келтірілген. Ол сондай-ақ Париж келісімінің орындалуына әділ ауысудың ықпал етуінің бес негізгі әдісін анықтайды.

"Климаттың өзгеруі күшейіп, әлем ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болу шамасына қарай, көптеген елдер отынның қазба түрлерінен бас тартып, болашақтың "жасыл" энергетика инфрақұрылымына инвестиция салуда - бұл қазір жалғыз логикалық экономикалық таңдау", - дейді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер. "Баяндама энергетика секторында және одан тыс жерлерде: қызметкерлерге "жасыл" экономика саласында жаңа дағдыларды беруден және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуден бастап; парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға ұлттық деңгейде айқындалатын елдердің үлестерінің нөлдік энергия тұтынумен болашаққа қарай нақты қозғалыс траекториясының болуына дейін әділ және тең құқықты ауысу қарқынын жеделдетуге нақты көзқарас береді".

Баяндамада мыналар айтылған:

  • 31 қазандағы жағдай бойынша кеңейтілген ҰДАС ұсынған 170 елдің 65-і (38%) әділ ауысуға тікелей сілтеме жасайды. Дамыған (51%) және дамушы (49%) елдер арасында біркелкі бөліну байқалады. Оның үстіне Орталық және Шығыс Еуропа елдері, одан кейін Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб теңізі елдері, сондай-ақ Африка көш бастап тұр. Артта қалғандардың арасында Азия-Тынық мұхиты және араб елдері бар. Алайда, тек 11 елдің (17%) ҰДАС тек ауысуға ғана арналған жеке тарауы немесе бөлімі бар.

 

  • 2022 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша 52 ұзақ мерзімді стратегияның 29-ы (56%) әділ ауысуға тікелей сілтеме жасайды. Оның 17-сі Еуропа мен Орталық Азия елдерімен ұсынылған, одан кейін Азия-Тынық мұхиты, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Кариб теңізі аймақтары. Тізімді Африка елдері мен араб мемлекеттері аяқтайды. Қысқа мерзімді жоспарлармен салыстырғанда жағдай жақсы болып көрінгенімен, тек 16 елде (55%) өздерінің Ұзақ мерзімді стратегияларында әділ ауысуға арналған арнайы тарау немесе бөлім бар.

 

ҰДАС-та әділ ауысу туралы айтылған елдердің көпшілігі оны әлеуметтік-экономикалық аспектілермен байланыстырады (72%) және/немесе оған жету үшін нақты шешімдер мен шараларды ұсынады (66%).

Дегенмен баяндамада елдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді климаттық жоспарларда Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) немесе гендерлік теңдікпен байланыс орната алмайтындығы атап өтілді, бұл жіберіп алынған үлкен мүмкіндік болып табылады. Әділ ауысуға сілтеме жасайтын елдердің тек тиісінше 6 және 4-і ғана өздерінің ҰАС және Ұзақ мерзімді стратегияларында әділ ауысу мен ТДМ-ды байланыстырады.  Тек 10 және 7 ел өздерінің ҰДАС-та және Ұзақ мерзімді стратегияларында әділ ауысудың гендерлік аспектілеріне сілтеме жасайды.

Баяндамада сондай-ақ әділ ауысу контекстінде энергетика секторы ең көп назар аударатындығы атап көрсетілген. Алайда, дамуда ең үлкен жетістіктерге жету үшін бүкіл экономика мен бүкіл қоғам ауқымында кешенді тәсіл - барлық секторларды қамтитын және жан-жақты қолдауды қамтамасыз ететін тәсіл қажет. 

"Климаттық уәде" бағдарламасы аясында БҰҰДБ 34 елге БҰҰДБ әзірлеген "әділ ауысуды" ҰДАС-қа және Ұзақ мерзімді стратегияларға енгізу жөніндегі негіздемелік бағдарламаны қолдана отырып, әділ ауысу қағидаттарын, процестері мен тәжірибелерін нығайтуда қолдау көрсетеді. Бұл қолдау төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: бағалау, серіктестік, институционалдық шаралар және әлеуетті арттыру. Сондай-ақ, елдердің әділ көшу қағидаттары туралы хабардар болуын арттыру, олардың әділ көшу процестеріне қатысу және осы бағыттағы әлеуетті дамыту қабілетін нығайту үшін қаржылық қолдау көрсетіледі.

Барлық баяндама мына сілтеме бойынша қолжетімді: http://climatepromise.undp.org/just-transition-report.

БАҚ үшін байланыс деректері:

mehmet.erdogan@undp.org

dylan.lowthian@undp.org   

Редакторларға арналған ескертпе: Есепте тек жекелеген елде ұсынған ҰДАС және Ұзақ мерзімді стратегиялар талданады. Сондықтан ұсынылған статистикаға Еуропалық Одақ елдерінің ҰДАС және Ұзақ мерзімді стратегиялары кірмейді.