Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 25 қарашасына дейін
Urbathon: Петропавлдың орнықтылығын арттыруға арналған идеялар байқауы
2025 ж. 19 November
БҰҰДБ Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл қаласы әкімдіктерімен және Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен, сондай-ақ Qyzyljar Creative Center және SKO Hub-пен бірлесе отырып, сіздерді Urbathon идеялар байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау Петропавлдың орнықтылығын артыруға бағытталған инновациялық шешімдерді жинауға арналған.
Urbathon қатысушыларды апат қаупі мен климаттың өзгеруіне бейім қаланы қалыптастыруға үлес қосатын практикалық ұсыныстар әзірлеуге шақырады. Ұсыныстар экология, қалалық инфрақұрылым, цифрлық қызметтер, шығармашылық бастамалар және білім беру салаларын қамтуы мүмкін.
Кім қатыса алады: студенттер, урбанистер, экологтар, IT мамандары, дизайнерлер, белсенді азаматтар және әрекет еткісі келетін басқа да тұлғалар — дербес қатысушы ретінде не команда құрамында.
Жеңімпаздарды не күтеді:
300 000 теңгелік сыйақы қоры
Менторлардың қолдауы мен жоба инкубациясынан өтуге мүмкіндік
Жобаны жүзеге асыруға БҰҰДБ донорларынан $50 000-ға дейін қаржы алу мүмкіндігі
Маңызды күндер:
25 қараша 2025 — өтінім қабылдау науқанының аяғы
29–30 қараша 2025 — Qyzyljar Creative Center-дегі Urbathon және идеялар питчингі
Желтоқсан 2025 – 2026 — үздік идеялардың инкубациясы
Өтінімдеріңізді мына сілтеме арқылы жіберіңіздер:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSepyeukHAZ2p_-lmRjl6GgfSS-q9WNg0P2VJTuHKPr_bVKDwQ/viewform
Бастама Жапония үкіметі қаржыландыратын Орталық Азия қалаларының апат қаупі мен климат өзгеруіне қарсы орнықтылығын нығайтуға бағытталған жоба мен Жасыл климат қоры қаржыландыратын климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін Қазақстанның стратегиялық жоспарларына енгізуге бағытталған жоба аясында жүзеге асырылуда.