Қазақстанда адам құқықтары саласындағы жұмыс қорытындыланды

2022 ж. 10 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен елдегі адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жұмысты қорытындылап, Қазақстандағы Омбудсмен институтының даму болашағы мен әлеуетін талқылау үшін қазақстандық Уәкілдердің кездесуі өтті.

«Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау саласы тек Ұлттық құқық қорғау мекемесі тарапынан ғана емес, сонымен қатар арнайы мандаттары бар Омбудсмендер тарапынан да анықталған. Биыл менің атыма еңбек жағдайларына да, көші-қон мәселелеріне де, жабық мекемелерде ұстау жағдайларына да, медициналық қамтамасыз ету және басқа да мәселелерге байланысты түрлі бағыттар бойынша 3500-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл тұрғыда әріптестерімізбен күш-жігерді біріктіру маңызды рөл атқарады. Бәріміздің істеп жатқанымыз бір іс, ол – азаматтарға олардың құқықтарын қалпына келтіруге және қорғауға көмек көрсету», –
деп атап өтті ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік және салалық омбудсмендер, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.

«Қазақстанның 2022-2024 жылдарға Адам құқықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ кеңесіне сайланғаны – ел үшін адам құқықтары жөніндегі күн тәртібін ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де ілгерілетудің бірегей мүмкіндігі. Біз Қазақстанда соңғы 30 жылда көріп отырған прогресс басқа елдер үшін омбудсмен институтын дамытуда үлгі бола алса, елде құрылған заңнамалық негіздер осы күн тәртібін жүзеге асыруға деген бейілділіктің жарқын мысалдары болып табылады», –
деп атап өтті ҚР-дағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Биылғы Халықаралық адам құқықтары күні 2023 жылы 75 жылдығы атап өтілетін Дүниежүзілік адам құқықтары декларациясының мұрасы мен өзектілігіне арналған жаһандық ақпараттық науқанның басталуын белгілейді.

«2022-2025 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық жоспарымызды басшылыққа ала отырып, БҰҰ Даму бағдарламасы БҰҰ Бас хатшысының адам құқықтары саласындағы іс-қимылға шақырған үндеуіне жауап беруді және адам құқықтарын мемлекеттерді қолдау жөніндегі қызметіміздің барлық аспектілеріне енгізу үшін елдермен және қауымдастықтармен жұмыс істеуді жалғастырады. Бұл, ең алдымен, әйелдер мен қыздарды, ауыл тұрғындарын, жабық мекемелердегі адамдарды, мигранттар мен мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, ең осал топтарды қамтып, оларды өз даму жолын қалыптастыруда қолдау қажет дегенді білдіреді», –
деді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Биыл қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесіне 20 жыл толғанын айтып өткен жөн. 2022 жылғы 18 қарашадан бастап Омбудсменнің құқықтары мен өкілеттіктерін кеңейтетін «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Конституциялық заң күшіне енді. Бүгінгі таңда 20 облыстың 17-сінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмыс істей бастады. Қалған үш облыста өкілдіктер 2023 жылы құрылады деп күтілуде.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Іс-шараның аясында омбудсмен институтының сектор-сектор бойынша өкілдігін кеңейту мүмкіндігіне қатысты мәселелер де талқыланды. Мәселен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Назгүл Сағындықованың айтуынша,

«…Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі … Әлеуметтік кодекстің жобасын дайындап жатыр, онда біз азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмыспен қамтуға қатысты барлық құқықтарын қарастыруға тырыстық. Сонымен қатар, Президент Жолдауын іске асыру аясында біз халықтың әлеуметтік топтарының, әсіресе мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын құру бойынша жұмысты да бастадық».
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға қатысты ұжымдық күш-жігер жұмсауға және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерін ашу мысалында әрбір өңірде осы қоғамдық институттың өкілдіктерін ашуға шақырды.

«Қадір-қасиет» ҚҚ басшысы Анара Ибраева Ұлттық құқық қорғау институтын балаларды буллингтен қорғау мәселесі мен азаптаудың алдын алу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің жабық мекемелеріндегі мониторинг мәселесіне көбірек тарту қажеттігін атап өтті.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жұмысына сараптамалық көмек көрсетеді. Атап айтқанда, институттың жұмысын Париждік ҰҚҚМ қағидаттарының стандарттарына жеткізу және Жаһандық құқық қорғау институттарының альянсындағы аккредиттеу статусын жоғарылату мақсаттарында өңірлердегі Омбудсмен өкілдерінің әлеуетін күшейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс БҰҰДБ Елдік бағдарламасының мақсаттары мен ТДМ орындауға және 2030 жылға дейінгі БҰҰ Күн тәртібіне қол жеткізуге бағытталған 2025 жылға дейінгі БҰҰДБ Стратегиялық жоспарының негізгі шешімдерін іске асыру мақсаттарының көрінісі болып табылады.