ЕО және БҰҰ ДБ-сында Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын кеңейту жобасының прогресі талқыланды

2022 ж. 23 December
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

2022 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ)  және Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Қырғызстандағы ЕО өкілдіктері ауған әйелдері мен қыздарын біліммен қамтамасыз ету  бойынша өңірлік бастаманың соңғы нәтижелерін талқылау мақсатында онлайн кездесу өткізді. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур мырза, БҰҰДБ Тұрақты өкілі міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов мырза және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев мырза кездесуде төрағалық етіп, қатысушыларды құттықтау сөздерінде атап өтті. Кездесуге Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілдері, қатысушы елдердің жоғары білім министрліктері, сондай-ақ қабылдаушы университеттердің өкілдері қатысты.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

2019 жылы бұл бастама ауған әйелдерін білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету үшін іске қосылған еді. 2020 жылы бағдарламаның жалғыз доноры болып табылатын Еуропалық Одақ тарапынан жобаның жаңа сатысын іске қосуға мүмкіндік беретін қосымша қаражат бөлінді. Қырғызстан бағдарламаға жаңа қатысушы ретінде қосылды. Пилоттық жобаны 31 оқушы аяқтап шықты.

«Қиындықтарға қарамастан бұл жобаның жалғасып, жаңа сатыға өтуі шабыттандырады. Бұл бағдарлама Орталық Азияның үш елінде жүзеге асырылып, білім, тәжірибе және мәдени мұрамен алмасудың көпірі болып табылады. Біз жоба түлектерінің өз орталырында гендерлік теңдіктің нығаюы мен жобаның жағымды әсерінің күшеюіне үлестерін қосатынына үміттенеміз» - деп, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур мырза өз ойымен бөлісті.

Бағдарламаны кеңейту көптеген бенефициарларға әр түрлі салада қажетті білім мен университет дәрежесін алуға мүмкіндік береді. 2027 жылға қарай 155 ауғандық әйел Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның түрлі университеттерінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім алады. Бағдарламаның жаңа сатысына ауыл шаруашылығы, қаржы/статистика, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс/инжинерия, маркетинг және ақпараттық технологиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар сияқты әртүрлі салаларда бакалавриат, магистратура және ТжКБ оқу бағдарламалары кіреді.

Қазақстандағы БҰҰДБ бастаманы жүзеге асырушы серіктес болып табылады.

«Қазақстандағы БҰҰДБ атынан бұл бағдарламаны жүзеге асырушы ұйым болу біз үшін үлкен құрмет әрі мәртебе. Соңғы жылдардағы оңтайлы жетістіктерге қарамастан, Ауғанстандағы гендерлік теңдік мәселесін шешу үдерісі 2021 жылдың тамыз айынан бастап артқа елеулі адым басты. Сол себептен біз бұл бірлескен жұмыс ауған әйелдеріне білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндіктерді одан әрі ашып, болашақта оларға арналған академиялық жобалардың үлгісі болады деп үміттенеміз» -
деп Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов мырза сөз сөйледі.

Аталған үш елдерде 2023 жылдың қантар және ақпан айларында ауған әйелдеріне арналған қысқы мектеп ұйымдастырылады. Қысқы мектеп – бұл бағдарлама ширегіндегі Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған оқу бағдарламасынан тыс іс-шара. Мектеп бағдарламасы адам құқықтары, гендерлік теңдік, тұрақты даму және бітімгершілік тақырыптарына негізделген теориялық ақпарат пен әйелдердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыратын көшбасшылық, кәсіпкерлік және жұмсақ дағдыларды (soft skills) дамытуды қамтитын практикалық жаттығулардан тұрады.   

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Алексей Мальченко

***

Еуропалық Одақ қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын бұл трансшекаралық бастама ауған әйелдеріне Орталық Азиядағы университеттерде білім алып, оларды аяқтауға мүмкіндік береді. Бастама өз еліндегі ер адамдармен салыстырғанда білім беру мен жұмысқа орналасу жолында тең емес жоғары кедергілерге тап болған ауған әйелдеріне білім алу мүмкіндіктерін ұсынуға бағытталған. Жалпы, Ауғанстаннан келген 155 жас әйел 2027 жылға дейін Орталық Азия университеттерінде білім алады.