Қазақстанның қыздарын цифрлық технологиялар саласына тартудағы эксперименттік тәсіл

2022 ж. 19 April

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Қазақстан барлық секторларда гендерлік теңдік жолында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді, бірақ проблемалар әлі де бар. Қазақстандағы қыздар онда, әдетте, басқа секторлардағы мамандықтарға қарағанда жоғары төленетін STEM-индустрия (ғылым, технология, инженерия және математика) салаларында жеткіліксіз ұсынылған. Қазақстанда әйелдердің жалпы білім деңгейі айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан, бұл көрсеткіш STEM саласында білім алатын және ғылыми дәреже алатын әйелдерге қатысты емес. Әйелдердің тек 25 пайызы STEM-индустриясында мансапты таңдайды. Бұл жағдайда бірқатар себептер бар, олардың арасында STEM салаларында әйелдерде үлгі ретіндегі мысалдардың болмауы, әйелдердің рөлі туралы гендерлік стереотиптер және осы мамандықтар ерлерге көбірек жарасады деген қоғамдық мінез-құлық нормалары бар. Соңғы зерттеулер сонымен қатар әйелдердің меңгеруге тиіс дағдыларға қатысты «өз-өзіне күмәндануы» және мансаптық перспективалар туралы хабардар болудың төмен деңгейі әйелдердің STEM-индустриясына қатысу пайызын азайтады

2021 жылғы желтоқсанда Сәтбаев және Жезқазған қалаларының қыздары «Алға!» [«Вперед» қазақ тілінде] атты екі апталық оқыту курсында білім алу мүмкіндігіне ие болды, оны Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Акселератор зертханасы ұйымдастырды. Эксперимент АКТ (ақпарат, байланыс, технологиялар) және STEM-индустрия саласында жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін Қазақстанның шалғай аудандарындағы қыздар арасында цифрлық технологиялар саласындағы дағдыларды және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Цифрландыру БҰҰДБ-ның 2022-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының маңызды аспектісі болып табылады. Бұл тұрғыда цифрлық технологиялар әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Әсіресе  онда экономикалық қызметтің көп бөлігі бір салада – мыс өндіруде шоғырланған Сәтбаев және Жезқазған сияқты моноқалаларда әйелдердің АКТ және STEM саласында қатысуын кеңейту кәсіби және академиялық мүмкіндіктерді жақсартуға әкеледі.

«Алға!» жобасы қатысушыларды  рөлдік модельдер – АКТ және STEM саласындағы қыздармен таныстыруға, сондай-ақ олардың әр кәсіпте маңызды болып табылатын 21 ғасыр дағдылары туралы хабардарлығын арттыруға арналған. Қатысушылар графикалық дизайн, әлеуметтік желілердегі маркетинг, АКТ дағдылары, эмоционалды интеллект және менталды денсаулық, көшбасшылық және жобаларды басқару жөніндегі  практикалық семинарлардан өтті. Қатысушылар алдында АКТ немесе STEM-индустрия саласында табысты жұмыс істейтін Қазақстанның шабыттандыратын спикерлері сөз сөйледі. Қазіргі үлгі ретіндегі мысалдар қатысушыларды білімге негізделген экономикадағы жұмыспен қамтудың балама сценарийлері туралы ойлануға итермеледі және оларға әйелдердің рөлі туралы гендерлік стереотиптерді жеңуге сенімділік берді.

Білім беру курсының басты оқиғасы питчей форматындағы финалдық іс-шара болды, онда қатысушылар екі апта бойы жұмыс істеген презентациялар ұсынылды. Қыздар курс барысында алған дағдыларын пайдалана отырып, гендерлік зорлық-зомбылық, жануарларға қатыгездік көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «жасыл» жұмыс орындары, жастар арасында ағылшын тілін үйрену және білім беру контентін қазақ тілінде ілгерілету сияқты мәселелерді қозғады. Жезқазған колледжінің 2 курсы студенті Дильназ Искакова  қазақ тілінде сайтты нөлден құрып, оқу курсының жеңімпазы атанды. Екінші орын Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің «ЖасылОдақ» командасына бұйырды, ол мүмкіндігі шектеулі жандарды қаладағы "жасыл" жұмыс орындарына тарту идеясын ұсынды.

 

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

«Алға!» атты эксперимент Қазақстанда моноқалалардың қауымдастықтарында жастар үшін білім беру және жұмысқа орналастыру саласында жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған цифрлық технологиялар саласындағы жергілікті бастамалардың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай қоғамдастықтар АКТ және STEM-индустриясына ерекше назар аудару арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ете отырып, мектептер мен университеттерде 21-ші ғасырдың дағдыларын дамыту жөніндегі оқу бағдарламаларын құруға бағытталған саясатқа нақты өзгерістер енгізе отырып, өз экономикаларын қайта бағдарлай алады және өзінің бүкіл адами капиталын пайдалана алады.

БҰҰДБ өзгерістерді енгізу құралы ретінде жергілікті серіктестерге өзінің цифрлық мүмкіндіктерін ұсынуды жалғастыруда.  «Алға!» жобасы сияқты осындай шағын ауқымды эксперименттердің көмегімен БҰҰДБ цифрлық технологияларды пайдалану және жергілікті экожүйелерді дамытуға жәрдемдесу есебінен проблемаларды шешудің инновациялық тәсілдерін көрсетеді. Жаңа технологиялардың, автоматтандырудың және жұмыс сипатының өзгеруінің түрлендіргіш ықпалын ескере отырып,  БҰҰДБ-ның Акселератор зертханасы цифрлық құралдардың әлеуеті БҰҰДБ-ның 2022-2025 жылдарға арналған цифрлық стратегиясында атап өтілгендей, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мүддесіндегі құрылымдық өзгерістердің кілті болып табылады деп санайды.