Астана мемлекеттік қызмет хабы және «Зерде» холдингі мемлекеттік органдар мен инвесторларды DemoDay-ге шақырады

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Астана мемлекеттік қызмет хабы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновацияларды жеделдету зертханасын (бұдан әрі – Инновациялар зертханасы) іске қосты.

Инновациялар зертханасының мақсаты – цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялауға көмектесу, цифрлық шешімдерді бүкіл ел бойынша жеделдету және енгізу.

Инновациялар зертханасының кезеңдерін іске асыру шеңберінде инновациялық шешімдерді таңдау, сондай-ақ іріктеліп алынған жобаларды инкубациялау және жеделдету бойынша стартап-жобалар арасында ұсыныстарға шақыру өткізілді.

Инновациялық шешімдер бойынша ұсыныстарға шақыру кезінде стартап-компаниялар мен әзірлеушілерден 30-дан астам өтінім келіп түсті. Инновациялар зертханасының консультативтік-сараптамалық комиссиясының онлайн питчинг барысында  байқаудың талаптарына сәйкес келетін 10 стартап-жоба іріктеліп алынды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша инкубациялық кезеңге 3 инновациялық шешім таңдалды:

1) AI-LEGAL компаниясы

Жоба: Жасанды интеллект негізіндегі заң сараптамасы қызметі, ол құқықтық дәлелдемелерді, тәуекелдерді бағалауды және заң тәжірибесінің құжаттарын пайдалану арқылы балама тұжырымдарды жасайды.

2) EDU-CONSULTANT компаниясы

Жоба: Адам ресурстарын тиімді басқару (HRM) үшін бірыңғай консалтингтік платформа. Платформа болашақ жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша сауатты кеңес алуға көмектеседі.

3) «НПКөкше» серіктестігі

Жоба: «PRO.Tourism» мобильді қосымшасы экологиялық қызметтермен басқарылатын бизнес-процестердің кейбір бөліктерін автоматтандыруға бағытталған

Таңдалған жобалар жетекші сарапшылардан инкубация мен акселерациядан өтуге мүмкіндік алды.

Алда мемлекеттік органдар мен инвесторлар үшін жобаларды таныстыру шарасы – DemoDay және одан кейін мүдделі мемлекеттік органдарда жобаларды пилоттық өткізу шарасы күтіп тұр.

DemoDay OFFLINE өткізіледі.

2022 жылғы 28 ақпанда сағат 11.00

Мәңгілік Ел даңғылы, ЭКСПО аумағы, С4.6 блогы, Astana Hub CF, (Event Hall)

Қатысу үшін тіркелу қажет емес.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, инвесторларды және барлық мүдделі тұлғаларды DemoDay іс-шарасына қатысуға шақырамыз!