Қазақстанның тұрақты экономикалық даму бағдарын іске асыру үшін «көк» қаржыландыру әлеуетін ашу

PAGE «көк» қаржыландыру бастамасы

«Жасыл экономика бойынша іс-қимыл серіктестігі» (PAGE) бағдарламасының «көк» қаржыландыру бастамасы Қазақстан Үкіметіне «көк» облигациялар шығару үшін қаржылық архитектура құруға және елдің тұрақты, экологиялық бағдарлы су экономикасына көшуін қолдау үшін «көк» қаржыландыру әлеуетін ашуға жәрдемдеседі.

Қазақстан елеулі су тапшылығына, ескірген су инфрақұрылымына, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздеріне, Балқаш көліне түсетін экологиялық қысымның артуына тап болып отыр. Қазақстан «жасыл» таксономияны әзірлеп, енді осы тәжірибені су және теңіз ресурстарына байланысты инвестицияларды тарту үшін жеке капиталды жұмылдыра алатын «көк» қаржыландыру құралдарына («көк» облигациялар, кредиттер, кепілдіктер) тарату мақсатын көздеп отыр.

Жобаның міндеттері:

  1. Қазақстанда «көк» қаржыландыруды енгізуге деген сұраныс пен оның іске асырылу мүмкіндігін анықтау үшін экономикалық, қаржылық және саяси ортаға талдау жүргізу;

  2. Халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық «көк» таксономияны әзірлеу;

  3. Тәуелсіз сараптама қорытындысын (second-party opinion) алуға көмектесіп, «көк» облигациялардың пилоттық шығарылымын қолдау.

Жоба үйлестірушісі:

Данияр Мұқитанов

E-mail: Daniyar.mukitanov@undp.org

Жобаның ұзақтығы:

PAGE Қазақстан (00106637-жоба): 2019 жылғы 1 маусым – 2027 жылғы 30 маусым

«Көк қаржыландыру» компоненті: 2025 жылғы маусым – 2027 жылғы маусым

Жоба бюджеті:

PAGE траст қоры (MPTF) – 235 507 АҚШ долл.

  • 1-компонент (талдау, «көк» таксономия, облигациялардың пилоттық шығарылымы) – 196 880 АҚШ долл.
  •  Жобаны жалпы басқару – 38 627 АҚШ долл.

Ұлттық серіктестер:

Қазақстан Республикасының Үкіметі: Экология және табиғи ресурстар министрлігі (жетекші серіктес), Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі; Жасыл экономика жөніндегі кеңес; «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) және Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар жөніндегі халықаралық орталықпен (ЖТИЖХО) ынтымақтастық

Донор:

PAGE көпсеріктестік траст қоры (PAGE MPTF) бірнеше донордың жарналарын біріктіріп, «Жасыл экономика бойынша іс-қимыл серіктестігі» (PAGE) бағдарламасын қаржыландырады — бұл БҰҰ-ның бес мекемесінің (ЮНЕП, ХЕҰ, ЮНИДО, ЮНИТАР және ПРООН) бірлескен бастамасы болып табылады 

Impact

START DATE

July 2017

END DATE

December 2028

STATUS

Ongoing

PROJECT OFFICE
IMPLEMENTING PARTNER

United Nations Development Programme

DONORS

MPTF-Ptp Actn Green Economy TF

ORG.ECONOMIC CO-OPERATION AND DEVELOPMEN

TOTAL CONTRIBUTIONS

$25,096,213

DELIVERY IN PREVIOUS YEARS

2017$161,517

2018$738,728

2019$1,486,487

2020$1,620,127

2021$1,612,611

2022$2,067,790

2023$1,570,376

2024$1,303,320

2025$1,147,237

2026$609,635

Full Project information

Тағы осы тақырыпта

Active filters: