Волонтерлерді қабылдаймыз!

Егер сіз волонтерлікке қызығушылық танытасаңыз және азаматтарды цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға үйретуде тәжірибе жинағыңыз келсе, біз сізді БҰҰДБ жобасының волонтері болуға шақырамыз.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • 18 жастан асқан;
  • тәжірибелі компьютер қолданушысы;
  • ЭЦҚ және цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалану тәжірибесі;
  • мобильді қосымшалардың алдыңғы қатарлы қолданушысы;
  • сауатты сөйлеу;
  • бейнекамерасы және аудио жүйесі бар компьютердің болуы.

Іріктелген кандидаттар азаматтарға цифрлық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру процедуралары туралы онлайн-тренингтен өтеді және өз аймақтарында карантин кезінде қашықтықтан () және карантин аяқталғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалдарында жұмыс істейді.

Волонтерлік практиканың ұзақтығы - 6 ай (маусым -қараша 2020ж.).

Волонтерлік жұмыс кестесі – аптасына кемінде 10 сағат

Тіл білу – қазақ, орыс

Волонтерлік практикаға қатысу үшін urkiya.janzakova@undp.org эл. поштасына төмендегілерді жолдаңыз:

түйіндеме, уәждеу хаты және жұмыс берушіден (студенттер үшін оқытушыдан) ұсыным хат

Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан 2020 ж. 2 мамырына дейін қабылданады.