Қазақстандағы БҰҰДБ мен Ішкі істер министрлігі заң үстемдігі мен полицияны жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

2023 ж. 15 December
Фото: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен кездесіп, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанның түрлі салалардағы, соның ішінде полицияны жаңғырту, гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу, азаптаулардың алдын алу және зорлық-зомбылық экстремизмімен күресу бойынша айтарлықтай жетістіктері атап өтілді. Бұл бағыттар БҰҰДБ мен Министрлік арасындағы ынтымақтастықтың бір бөлігі ғана.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі Орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетін заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық бастамаларды БҰҰДБ қолдауы болды. Катаржина Вавьерниа министрліктің полицияны жаңғырту және халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті. Соңғы бірнеше жылда БҰҰДБ бұл күш-жігерге 300-ден астам полиция қызметкерін бейбіт жиындарды өткізуге, азаптау және гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларын тергеуге және зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алуға үйрету арқылы өз үлесін қосты.

Фото: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

БҰҰДБ Тұрақты өкілі агенттік министрліктің тиімділікті арттыру мақсатында бизнес-процестерді қайта қарау жөніндегі бастамасын қолдайтынын атап өтті. БҰҰДБ министрліктің жеті бизнес-процестерін оңтайландыруға сараптамалық көмек көрсетті және бұл жұмысты жалғастыруға дайын, деп сендірді Катаржина Вавьерниа.

Сонымен қатар, ол БҰҰДБ зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу жобасының екінші кезеңін бастағанын және Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарында аймақтық бастамаларды бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бастама жергілікті полиция қызметімен жұмыс форматын кеңейтуге және Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.