Зорлық-зомбылықшыл экстремизммен күрес: Қазақстандағы БҰҰДБ әдіс-тәсілдері

2024 ж. 11 February
Photo: UNDP Kazakhstan

12 ақпан – Терроризмге септесетін зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің алдын алудың халықаралық күні. Бұл күн бізге зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің түпкі себептерімен күресу үшін және бейбітшілікке, толеранттылыққа, инклюзивтілікке жол ашатын жағдай жасау үшін күш біріктіруіміз қажет екенін еске салады. Осы күннің мән-маңызын көрсететін бастамалардың бірі — Жапония үкіметі қаржыландыратын БҰҰДБ-ның Қазақстандағы зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің алдын алу жобасы. 

 

2018 жылдың наурыз айында Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымы жұмысы немесе білімі жоқ осал жастарды қолдауға бағытталған тұңғыш аймақтық жобаны бастады. Аталмыш бастама Қарағанды ​​және Ақтөбе облыстарында жүзеге асты. Үш жылға жуық уақыт ішінде жоба елеулі нәтижелерге қол жеткізді. 576 жас азамат тағылымдамадан өтуге және кәсіптік курстарға қатысуға мүмкіндік алып, еңбек нарығында табысқа жету үшін қажетті дағдылар мен сенімділікке ие болды. 200-ден астам қатысушы бірден тұрақты жұмыс тауып, әрқайсысы үшін жеке және кәсіби өміріндегі маңызды жетістігіне айналды.

Сонымен қатар жоба аясында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді, олардың 32-сі өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды. Соның арқасында олар тұратын өңірлердің экономикалық өсуіне ықпал етіп қана қоймай, жастардың инновациялар және тұрақтылық мәселелеріндегі мүмкіндіктерін арттырды.

Қазақстандағы БҰҰДБ әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі құрдастар (peer-to-peer) арқылы жұмыс істеуге баса назар аудару болды. Жоба аясында 939 жас азамат үшін өздері сияқты жас пікір көшбасшыларымен және инфлюенсерлермен кездесулер ұйымдастырылып, шабыт беретін әңгімелермен, қызықты идеялармен алмасуға жағдай жасалды. Сол кездесулер мен олардың қатысушыларға тигізген әсері жастар үшін талпыныстарын қалыптастыруда үлгі-өнеге алатын тұлғалардың болуы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Photo: UNDP Kazakhstan

Жоба аясында 2018 және 2019 жылдары түрлі өңірлерден келген 18-22 жас аралығындағы осал топтарға жататын жастар үшін оқу лагерлері ұйымдастырылып, қатысушылар кәсіпкерлік, мансап құру, жеке қаратын басқару және көшбасшылық дағдыларын үйренді.

Айта кету керек, атқарылған жұмысты тек сандармен бағалау қиын, жекелеген жастарға және жалпы қоғамға тигізген нақты әсерінің өлшеусіз ауқымы одан әлдеқайда маңыздырақ. БҰҰДБ-ның Қазақстандағы жобасы зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің кедейлік, білімнің жоқтығы және жұмыссыздық сияқты түпкі себептерін жою арқылы дер кезінде қолға алынған атаулы шаралар зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің алдын қаншалықты ала алатынының жарқын дәлелі болып табылады. Жастарды қолдау, олардың әлеуметтік интеграциясына ықпал ету және экономикаға араласуына ынталандыру арқылы жоба Қазақстанда анағұрлым тұрақты қоғам құруға ықпал етті.

Зорлық-зомбылықшыл экстремизмнің алдын алудың халықаралық күнін атап өте отырып, осындай бастамалардың жетістіктеріне ой жүгірту және жастарға инвестиция жұмсауға деген ұмтылымысыздан танбау өте маңызды. Олардың мүмкіндіктерін кеңейту тек адами парызымыз ғана емес, сонымен бірге баршамызға ортақ қауіпсіздік пен өркендеуге маңызды инвестиция болып табылады.