Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы

2024 ж. 23 January
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды стратегиялық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру конкурсына қатысуға шақырады! 

Байқаудың мақсаты: Ауылдық аймақтардағы қоршаған орта мен өмір сапасының игілігі үшін ЖЭҚ ШГБ аясында әзірленген табысты тәсілдерді ілгерілету және қайталау бойынша стратегиялық жобаны жүзеге асыру! 

Өтінім беру күні: 2024 жылдың 2 ақпанына дейін. Жоба 24 ай мерзімге жүзеге асырылуда. 

Грант сомасы: 150 000 доллардан аспайды. 

Қатысушылар: Өтініштер қазақстандық ҮЕҰ-дан қабылданады. Мемлекеттік органдарға, коммерциялық және ғылыми ұйымдарға рұқсат етілмейді. 

Өтініш беру жолы:
1. Техникалық сипаттамаларды жүктеп алыңыз  
2. Өтінім нысанын ЖЭҚ ШГБ форматында толтырыңыз 

Қосымша ақпарат пен өтінімдерді sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы жіберіңіз.