Хабардарлықтан іс-әрекертке: Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға бизнестің қатысуын арттыру
2023 ж. 6 July
«Біз адам құқықтарының не екенін білеміз деп есептейміз, бірақ тереңдей түскен сайын бұл білімнің жеткіліксіз екенін түсінеміз. Біз Қазақстанда, біздің өңірде қандай проблемалар бар екенін түсіне бастадық. Меніңше, мұны жергілікті тұрғындар мен жұмыс берушілер арасында кеңінен насихаттау керек сияқты. Бұл тақырыпты қызметкерлер арасында көтере отырып, біз оларды компанияға адал болуға ынталандыра аламыз. Сонымен қатар, бұл жалпы біздің тұрғындарға олардың нақты құқықтарын білуін қамтамасыз ету арқылы және бізге осыған байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беру арқылы пайда әкеледі», -дейді Ақтаудағы «Адам құқықтары саласындағытиісті сақтық» тренингінің қатысушысы Гүлмира.
Бизнестің өзгерістердің жаһандық катализаторы ретіндегі рөлі қазіргі әлемде барған сайын танылуда. Бұл өзгерістердің адамдар үшін оң немесе теріс салдары болуы мүмкін және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Адам құқықтарын қорғауды қоса алғанда, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін шынайы қызығушылық танытып, әрекет ететін жауапты бизнес әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылыққа ие болады. COVID-19 пандемиясының пайда болуы бизнестің адамдарға және қоршаған ортаға әсер етуінің маңыздылығын көрсетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бизнесті жауапты жүргізудің негізгі жаһандық стандарттарын, атап айтқанда, Адам құқықтары тұрғысынан кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаттарын (БҰҰ Басшылық Қағидаттары) енгізуді қолдауда жетекші рөл атқарды. БҰҰ Басшылық қағидаттары үш негізгі элементтен тұрады: Үкіметтің адам құқықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілігі, адам құқықтарын құрметтеу жөніндегі корпоративтік жауапкершілік және адам құқықтарының бұзылуынан зардап шеккендерге тиімді қорғау құралдарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша екі тараптың да ұсынымдары.
Үкіметтер мен бизнестің рөлдері бөлек болса да, бұл қағидаттар екі жақтан да әрекет жасауды және бірлесіп жасаған жұмысын мойындауды талап етеді. БҰҰ Басшылық қағидаттары бизнестен ықтимал тәуекелдерді басқаруға көмек көрсету мақсатында адамдар мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді анықтау, алдын алу және жұмсарту үшін кәсіпорындардан Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық (АҚТС) рәсімін жүргізуді талап етеді. Сонымен қатар, үкіметтерге жауапты бизнес-ортаға жүйелі өзгерістер енгізуге бастамашылық етудің алғышарты ретінде бизнес пен адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын немесе осыған ұқсас стратегияларды әзірлеу және іске асыру ұсынылады.
Бәсекеге қабілетті болып қалу және қаржылық, заңдық, операциялық және беделге қатысты тәуекелдерді азайту үшін адам құқықтары саласындағы саясатты қабылдап, адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық рәсімін жүргізетін кәсіпорындардың саны артып келеді. Еуропаның, Азияның, Австралияның және Америка Құрама Штаттары жетекші экономикалары корпоративтік адам құқықтары туралы заңдарды қабылдауда, осылайша басқа елдерге де үлгі алуға ықпал етуде.
2022 жылдың қыркүйегінде Жапония халықаралық деңгейде танылған адам құқықтарын құрметтеуге жәрдемдесу үшін жауапты жеткізу тізбегіндегі адам құқықтары жөніндегі нұсқаулықты жариялады. 2023 жылдың қаңтарында Жеткізілім тізбегіндегі корпоративтік тексеру туралы Германия заңы күшіне еніп, компаниялардан тиісті тексеру шараларын қабылдауды талап етті. Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 маусымда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердегі ұлттық тиісті тексеру ережелеріне қоса, Еуропалық парламент Еуропалық Одақтың Корпоративтік тұрақтылық жөніндегі директивасының мәтінін мақұлдады.
2022 жылы БҰҰДБ Жапония Үкіметінің қаржылық қолдауымен жапон компанияларына, олардың жеткізушілері мен әр түрлі елдердегі серіктестеріне олардың компанияларында және олардың барлық өндіру-өткізу тізбегінде адам құқықтары стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетті. Осы бастаманың аясында Қазақстандағы БҰҰДБ Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында АҚТС оқыту курстары сериясын өткізді. Тренингке 115 адам, негізінен бизнес, кәсіподақ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Оқыту курсында кәсіпкерлік және адам құқықтары тұжырымдамасына, соның ішінде жауапты бизнес жүргізуге қатысты халықаралық және жергілікті заңнамаға шолу жасалды. Ол АҚТС рәсімі, компания ішіндегі тәуекелдерді бағалау және басымдық беру бойынша озық тәжірибелер мен практикалық тапсырмалар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, шағымдарды қарау тетіктері және жұмыс орнындағы гендерлік теңдік мәселелері бойынша мамандандырылған сессиялар өткізілді.
«Бизнес және адам құқықтары тұжырымдамасымен жұмыс істеу өте маңызды болды, өйткені негіздерді қарастыру қатысушыларға өздерінің компаниялары жауапты бизнес тұрғысынан не істеп жатқанын өздері сынап көруге, осы халықаралық трендте өздерінің даму деңгейі қай жерде екенін түсінуге көмектеседі. Біз сондай-ақ компаниядағы және оның жеткізу тізбегіндегі адам құқықтарына қатысты тәуекелдерді бағалау және оларға басымдық беру мәселелеріне ерекше назар аударамыз, өйткені онсыз компания үшін адам құқықтарын тексеру жоспарын жасау мүмкін емес», -деп түсіндірді курстың тренерлерінің бірі болған, Алматы қаласындағы Құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры міндетін атқарушы Татьяна Зинович.
Қатысушылардың әртүрлі тәжірибелері ұйымдар мен аймақтардың қызмет саласына байланысты олардың қызығушылықтарын көрсетті. Кейбір қатысушылар ақпарат көздерінің жетіспеушілігіне байланысты өз аймақтарында кездесетін қиындықтарға тоқталды.
«Өңірімізде, астанадан және ірі мегаполистерден тыс жерде тұрып, біз көбінесе әртүрлі заңнамалық мәселелерден бейхабармыз. Бұл тренингке білімімді кеңейтіп, өз аймағымда (Қызылорда облысы) оны қолдануға тырысамын деп келдім. Осы тетіктер мен тәуекелдердің барлығын түсіне отырып, біз мемлекеттік органдар мен корпорацияларға сауатты ұсыныстар жасай аламыз», -деді азаматтық қоғам ұйымының өкілі Павел.
Бірқатар компаниялар бұл тренингті адам құқықтары саласындағы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуде пайдалы деп тапты. Олар өз ұйымдарында қызметкерлер қолдана алатын адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетуді қамтамасыз ететін нақты рәсімдерді белгілеу қажеттігін атап өтті.
«Қызметкерлер мен жеткізушілер үшін көп жасағанымызға қарамастан, бізге бір ортақ құжат, саясат немесе рәсім жетіспейді. Осылайша, кешенді саясатты әзірлеуге тренинг өте пайдалы болып шықты», –дейді корпоративтік сектор өкілі Жанна.
«Біз үшін ең озық тәжірибелерді түсіну және оларды стандарттарымызға қалай енгізуге болатынын түсіну өте маңызды болды. Бірнеше жылдан бері бірінші рет біз серіктестеріміздің іскерлік беделін мұқият тексеруді бастадық. Біз тек іскерлік этика кодексін ұстанатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте озық тәжірибелерді ұстанатын және адам құқықтарын құрметтейтін компаниялармен ғана ынтымақтасуды қамтамасыз ету үшін арнайы сауалнама әзірледік», -деп бөлісті тренингке қатысушы Марина.
Кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы адам құқықтары саласындағы тиісті сақтқ рәсімін түсіндіретін модульдерден тұратын оқу құралының қазақ және орыс тілдеріне аудармаларын дайындады. Нұсқаулық халықаралық деңгейде келісілген принциптерге баса назар аударады және бизнеске жеке жаттығу ретінде немесе бар бағалау процесінің бөлігі ретінде АҚТС-қа кірісуге мүмкіндік беретін кезеңді тәсілді ұсынады.