Қар барысын қорғау-Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау үшін құнды

2020 ж. 23 October

Қар барысы-мысық тұқымдастарының сирек кездесетін және аз зерттелген өкілдерінің бірі және Орталық Азия елдерінің танымал нышанына айналған.

Адамның көзіне көп түсе бермейтін, барыс негізінен таулы жерлерде тұрады. Ол жойылып кету қаупі төнген жыртқыш ретінде халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне, сондай-ақ жалпы ауданы 500 мың шаршы шақырым болатын Қазақстан, Бутан, Ресей, Қырғызстан, Непал, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан сияқты 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген.

Барыстың жоғалу себептері осы күні өзгеріссіз қалуда- таулардағы адамның антропогендік белсенділігі, соның ішінде алаңдаушылық факторы, жануар тіршілік ету ортасына жарамсыз жерлерді пайдалануға мәжбүр болуы, сондай-ақ браконьерлік (жыртқыштың да азық-түлік базасының жойылуы) бірден бір себеп.

Бұл сирек кездесетін жануардың жойылып кету мәселесін шешу үшін БҰҰ Даму Бағдарламасы Ұлттық серіктестермен бірлесіп, Қазақстандағы қар барысы мен оның мекендейтін жерлерін сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл жоба 2018 жылдан бастап БҰҰДБ мен жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ынтымақтастығы аясында іске асырылуда.

Бүгінгі таңда БҰҰДБ Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Зоология институтымен тығыз ынтымақтастықта қар барысының қазақстандық популяциясы мен оның азықтық базасының ықтимал мекендеу орындарының шекараларын анықтау үшін ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Қырғыз, Іле (Шығыс жоталарын қоса алғанда), Күнгей, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Кетмен, Сауыр және Тарбағатай тау жоталарында қар барысының мекендейтін жерлерінде жүргізіледі. Осы орайда Қазақстанда жануарлардың негізгі тіршілік ету ортасы үшін ландшафт жоспары жасалмақ. Бұл зерттеулерді 2021 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Тек 2020 жылдың өзінде ғана Жамбыл облысында және Алтын Емел ұлттық паркінде қар барыстарының болуы расталды, онда жануарларды БҰҰДБ/ЖЭҚ Қазақстандағы жобасын іске асыру шеңберінде БҰҰДБ-ға берілген фототұзақтар тіркеді. Қар барысы мен оның жем-шөп базасы мониторингіне тұрақты база құру бойынша жұмыс істеу үшін барлығы 294 фототұзақтар мен арнайы жабдықтар: 3 тепловизор, 25 квадрокоптер және қысқы далалық киім сатып алынды, олармен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасқан 13 ерекше қорғалатын табиғи аумақ қамтамасыз етілді. Осы техникалық базаның арқасында жабайы жануарлар мен экожүйелердің жағдайы туралы ең сенімді мәліметтер алуға болады.Бүгінде Қазақстанда қар барысы Солтүстік Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань, Алтай-Саян, Солтүстік Тянь-Шань және Жетісу Алатауы аудандарында мекендейтіні анықталған.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда күзет қызметі айтарлықтай жақсарды. БҰҰДБ-ның аумақтың табиғатты қорғау мәртебесін орман шаруашылығынан аймақтық қорыққа, содан кейін табиғи саябаққа айналдыру жөніндегі күш-жігері мен іс-әрекеттерінің арқасында олар барысты сақтау бойынша қорғаныс шараларына оң әсер етті. Қазіргі уақытта Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумағын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Cирек кездесетін және жоғалып бара жатқан барыс тұқымдастығының популяциясын сақтап қалу-  Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау үшін құңды. Биологиялық әртүрлілік пен құнды экожүйелерді сақтау елімізде орнықты даму мақсаттарының (ТДМ) міндеттерін орындауға – биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін ұтымды пайдалануға және тоқтатуға жәрдемдесіп, сондай-ақ құрлық жүйелерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған.