Энергия үнемдейтін жабдықтар экологиялық мәселелерді шешу әдісі ретінде

2020 ж. 21 June

2019 жылғы желтоқсан, Қытай – Қазақстандық инженерлер энергияны үнемдейтін трансформаторлар өндірісінің инновациялық тәсілдерін зерттеу үшін қытайлық электр болат өндіретін компанияларға барды.

Қазақстан ЖІӨ бірлігіне шаққанда парник газдары лақтырындыларының белсенділік көрсеткішінің ең жоғары деңгейдегі әлем елдерінің үздік ондығына кіреді. Осы ретте Қазақстан қалаларында СО2 лақтырындыларының 60% жылумен және энергиямен жабдықтау секторына тиесілі.

Энергия сыйымды электрлік жабдықтың, атап айтсақ таратқыш трансформаторлардың тиімділігін арттыру электр энергиясындағы шығындарды айтарлықтай төмендетіп, парник газдарының лақтырындыларын қысқартуы мүмкін. Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасының (UNEP) деректеріне сай трансформаторлар жыл сайын әлемдік электр энергиясының шамамен 5% жоғалтады. Қазақстанда олар біршама артық, және трансформаторлардың физикалық тозуымен ішінара шарттасқан, бірақ сондай тәртіпке ие. Статистикаға сай Қазақстандағы трансформаторлардың 75% астам бөлігі 28 жылдан астам уақыт пайдаланылуда, ал олардың 45% шамамен 40 жылдай әрекет еткен. Қазақстанның ауыл шаруашылығының трансформаторлық паркін жаңарту СО2 лақтырындыларын жылына 364,8 мың тоннаға төмендетуі мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстанда объектілерді энергиялық тиімді жабдықтарды пайдалануға міндеттейтін энергиялық тиімділік стандарттары әлі қабылданған жоқ. БҰҰДБ электрлік аспаптар мен жабдықтарға арналған энергиялық тиімділік бойынша стандарттар мен талаптарды әзірлеуге және енгізуге жағдай жасайды, бұл энергиялық тиімділігі жоғарырақ трансформаторларды пайдалануды ынталандырады.

«Қазақстандағы энергиялық тиімді электрлік тұрмыстық аспаптар мен жабдықтардың стандарттары, сертификатталуы және таңбалануы» БҰҰДБ жобасы менеджері Сырым Нургалиевтің айтуынша, энергиялық тиімділіктің әзірленген минималды талаптары (MEPS) таратқыш трансформаторлар үшін Қазақстанда осы жылы қабылданған. Осылайша «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңында алғаш рет жабдықтар үшін, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар үшін энергиялық тиімділік бойынша талаптарды белгілеу бойынша бөлім енгізілді.   

Жаңа технологияларды қолдана отырып энергиялық тиімділігі жоғарырақ жабдықтарды өндіруге мүмкіндік беру үшін БҰҰДБ ұлттық трансформаторлар өндірушісінің – Кентау және Орал трансформаторлық зауыттарының әлеуеті мен білімдерін арттыруға жағдай жасайды. Осылайша, БҰҰДБ жәрдемдесуі кезінде зауыттар өндірушілері Қытайдағы трансформаторлардың негізгі өндірушілерімен серіктестік байланыстарды орнатты. 2019 жылдың желтоқсанында жоғары технологиялық және энергия үнемдейтін трансформаторларды өндіру тәжірибесін зерттеу үшін қазақстандық мамандар Қытай ұлттық стандарттау институтына және бірқатар зауыттарға барды. 

2019 жылғы желтоқсан, Қытай – Қазақстандық инженерлер энергияны үнемдейтін трансформаторлар өндірісінің инновациялық тәсілдерін зерттеу үшін қытайлық электр болат өндіретін компанияларға барды.

Кентау трансформаторлық зауытының техникалық директоры Нурбол Тлемисов Қазақстанда тек С категориясындағы энергиялық тиімді трансформаторлар өндірілетінін, бірақ В және А категориясындағы инновациялық трансформаторларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізіле бастағанын атап өтті. «Қытайда Bao Steel, Нaihong Electric и Pearl Electric Equipment Company & Cargill сияқты электртехникалық болат өндірушілерімен таныстық. Оларда біз алғаш рет тікелей аморфтық болаттан инновациялық трансформаторларды өндіру процесін көрдік. Қазір олар бізге жоғары технологиялық трансформаторларды өндірудің технологиялары мен процестері бойынша кеңес береді. Жылдың соңында біз сынамалық үлгілерді өндіруді және сынауды жоспарлаймыз. Алдын ала есептеулер бойынша, біздің болжамымыз бойынша, жақсартылған электртехникалық болат технологиясын енгізу кезінде электр энергиясының шығындары 30-40%-ға төмендейді. Егер біз аморфтық болатқа ауыссақ, онда шығындар тағы да 30%-ға төмендейді», - деп, Нурбол Тлемисов атап өтті.

Ол сонымен қатар өз ойын толықтырды, қазақстандық трансформаторлардың 40 бастап 90% дейінгі бөлігі ТМД елдеріне экспортталады. С категориясындағы энергиялық тиімді трансформаторлар негізінен Ресейге экспортталады, себебі «Ресжелі» БАҚ стандарты объектілерде белгіленген мәндерден төмен емес трансформаторлардың орнатылуын талап етеді. Нарықта бәсекеге қабілетті болып қалу үшін Қазақстандық өндірушілерге энергиялық тиімділігі жоғарырақ трансформаторларды өндіруге ауысу керек. «2021 жылдан бастап Ресей В және одан жоғары категориядағы, ал 2023 жылдан бастап А категориясындағы трансформаторларды сатып алады. Біз осыған дайын болуға тиіспіз. Сонымен қатар Қазақстанда энергиялық тиімділік стандарттары мен талаптарының енгізілуімен энергиялық тиімділігі жоғарырақ трансформаторларға қатысты сұраныс ішкі нарықта да артады», - деді Нурбол Тлемисов. 

Қытайда қатысушылар сонымен қатар қымбат жабдықтарды сатып алусыз энергиялық тиімді трансформаторларды өндіруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылыммен танысты. Кентау трансформаторлық зауытының техникалық мамандарымен бірге БҰҰДБ осы жылы осындай автоматтандырылған бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді бастауды жоспарлауда.

Оқыту туры кезінде қатысушылар сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары мен қытай үкіметі өндірушілерге экологиялық тұрғыда тиімдірек жабдықтарды әзірлеуді ынталандыру үшін ұсынатын субсидиялар туралы ақпарат алды. Осылайша, бұрынғы және жаңа трансформатор арасындағы энергия тиімділігі мемлекетпен қарымталанады. Қазақстанда өндірушілер әзірге жоғары технологиялық өнімдерді жасауды ынталандыруға бағытталған ғылыми гранттарға ғана үміт арта алады. Осыған байланысты жоғары технологиялық жабдықтарды өндіруді ынталандырудың қытайлық тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады.

Климаттың өзгеруімен байланысты асқынып жатқан мәселелер парник газдарының лақтырындыларын төмендету бойынша батыл әрекеттерді талап етеді. Энергия үнемдейтін трансформаторлар электр энергиясының шығындары мен қаржылық шығыстарды төмендетумен байланысты пайдамен қатар, экологиялық мәселелерді шешу үшін мүмкіндіктер тудырады.  

***

Қытайға оқыту туры қазақстандық өндірушілер үшін Қазақстандағы БҰҰДБ және Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілігімен, ЖЭҚ қаржылық қолдауы және Энергиялық тиімділік бойынша ЮНЕЯ бастамасының (U4E) қолдауы кезінде «Қазақстандағы энергиялық тиімді электрлік тұрмыстық аспаптар мен жабдықтардың стандарттары, сертификатталуы және таңбалануы» жобасы шегінде ұйымдастырылды.

2019 жылғы желтоқсан, Қытай – Қазақстандық инженерлер энергияны үнемдейтін трансформаторлар өндірісінің инновациялық тәсілдерін зерттеу үшін қытайлық электр болат өндіретін компанияларға барды.