Сән индустриясы және саналы тұтыну

2021 ж. 9 June

Сіздің киіміңізді кім жасайтынын білесіз бе?

Бұқаралық нарықтағы киімнің басым көпшілігі  Үндістан, Қытай, Бангладеш, Индонезия елдерінде тігіледі. Тігін фабрикаларындағы көптеген жұмысшылар күнкөріс деңгейінен де аз мөлшерде жалақы алып, кедейлік шегінде өмір сүруде. Олардың көпшілігі денсаулықтары мен өмірлеріне қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайды.

Сіздің киіміңіз неден жасалған?

Мұнай өңдеу өнеркәсібінен кейін суды ең көп ластайтын екінші сала  - сән индустриясы.

Лақтырып тастаған киімдердің синтетикалық құрамдастары мұхиттағы ластаушы заттардың көп бөлігін құрайды.

Тоқыма матаны бояған кезде химиялық бояғыштардың 72%-ы ағын суларға ағып түседі.

Киім өндірісі әлемдегі барлық парниктік  газдардың 10%-ның көзі болып табылады. Бұл бүкіл авиацияның шығарылымынан де асып түседі.

2000-шы жылмен салыстырғанда, бүгінгі күні дүние жүзінде 400%-дан астам көп киім өндіріледі екен. Ал біз болсақ киіміміздің тек 20%-ын ғана киеді екенбіз.

Біз ғаламшар мен адамзат үшін өзгерістерді қалаймыз.

Әрқайсымыз осы өзгерістерге үлес қоса аламыз.

Әрекет ету уақыты келді.