Ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруды қолдау, Фаза 2

Бағдарламаны құру мақсаты

Бағдарламаның негізгі мақсаты – Ауғанстан әйелдерінің адами әлеуетін арттыру

Негізгі нысаналы топ

Ауған әйелдері

Бағдарлама серіктестері

Бағдарлама БҰҰ-Әйелдерімен, бағдарламаны іске асыру елдеріндегі сыртқы істер және білім беру министрліктерімен және академиялық мекемелермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске қосу

2021 ж. қараша

Бағдарламаның арнайы мақсаттары

1. Ауғанстан әйелдері үшін жоғары білім мен TVET жетілдірілген мобильді жүйесі.

2. Ауған әйелдерін, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі және ауылдық елді мекендерден келген әйелдерді жоғары оқу орындарына және TVET мобильді жүйе арқылы бағдарламаға тарту.

3. Жоғары білім және TVET жетілдірілген мобильді жүйесіне қатысатын әйелдердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру.

2025 ж. мамыр айына дейін күтілетін нәтижелер:

• 105 құлшынысы бар ауған әйелдері стипендия алып, қабылдаушы елдерде оқитын болады және бағдарламаны қажетті білім мен дағдыларды меңгерген жас мамандар ретінде бітіреді;

• Стипендия алушылар үшін тілді оқыту және мәдениеттану негіздері курстары әзірленіп ұсынылады;

• Ауған әйелдеріне көшбасшылық және коммуникативті дағдыларды дамыту үшін БҰҰ Әйелдер ұйымымен серіктестік негізінде жазғы және қысқы мектептер сияқты сыныптан тыс тренингтер ұйымдастырылады. Қосымша дағдыларды меңгері бойынша тренингтер әйелдерге қалаған жұмыс мүмкіндіктерін ізденуге, көз тартатын түйіндемелерді және ілеспе хаттарды әзірлеуге көмектеседі, осылайша олардың лайықты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады деп күтілуде.

Орындаушы ұйым(дар)

БҰҰДБ

 

Мерзімі

2021-2027

Жоба бюджеті

€ 4 миллион

Орындау жері

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы

Кілт сөздер

Ауған әйелдерінің мүмкіндіктерін кеңейту,

ауған әйелдеріне арналған стипендиялар,

ЕО-БҰҰДБ бастамасы

Шарт нөмірі

ACA/2021/423-885

Байланыс

Жұмабаев Асхат, Жоба менеджері, Қазақстандағы БҰҰДБ.

Байзақов к-сі, 303, Алматы

Email: Askhat.zhumabayev@undp.org

Вебсайт

www.kz.undp.org