Орталық Азиядағы сандық дәуір теңдігін қуаттау

2021 ж. 22 April

22 cәуір 2020 жыл - Бүгін, АКТ саласындағы Халықаралық қыздар күні, Орталық Азия елдерінің технология бағытында табысты мансап құрған арулары АКТ саласындағы әйелдердің өкілдік мәселелерін талқылады.

Қарқынды даму үстіндегі жоғары технологиялар әлемінде АКТ бағыты орталық орынға ие. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялармен байланысы мүлдем жоқ бірде-бір мамандықты елестету мүмкін емес.

COVID-19 дағдарысы кезінде жоғалған жұмыс орындарының жартысынан көбі әйелдерге тиесілі болды. Пандемия, сондай-ақ автоматтандыру сияқты ұзақ мерзімді тенденциялар әйелдердің жұмыспен қамтылуына пропорционалды емес қауіп төндіріп тұрғанымен, АКТ жұмыс орындарына инвестиция құю COVID-19-дан кейін экономиканы табысты қалпына келтіруді қолдаудың және гендерлік теңдікке жетудің маңызды бөлігі болып табылады.

Технология саласында мансап құру үшін қажетті дағдыларды балалық шақ кезеңінде қалыптастырып бастау маңызды. Жақында Тәжікстанда БҰҰДБ жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, технологиялар саласындағы гендерлік сегрегация білім беру сатысынан басталады. Қазіргі таңда бүкіл Орталық Азия білім беру мекемелеріндегі АКТ факультеттерінде қыздардың үлесі өте аз. Қазақстанда АКТ мамандықтары бойынша жоғары білім алатын қыздардың үлесі 32% -дан төмен болса, ал Өзбекстанда 17,8% ғана құрайды.

Қыздардың АКТ-ға қатысуына арналған Орталық Азиядағы алғашқы вебинарда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан өкілдері Орталық Азия қыздарының осы салада тап болатын қиындықтары туралы, сондай-ақ әйелдерді технологиялық секторға көбірек тартудың мүмкін шешімдері туралы сөз қозғады.

Іс-шарада инноватор, биотехнолог, HOOPE жобасының тең құрылтайшысы Дәмелі Мектепбаева; Шодиабегим Бахтиёрзода, WIUT тренері, Lufthansa Technik компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету менеджері, Өзбекстан; Codify lab негізін қалаушысы және бас директоры Динара Руслан; WomenTechmakers елшісі және Түркменстандағы Google Developer Group бастамашысы Марал Худайбергенова; «Нексигол Мушовир» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры және «Нексигол Навовар» жеке компаниясының тең құрылтайшысы/басқарма төрағасы Махинахон Сүлейманова сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты – АКТ саласына қадам басатын қыздарға қолдау көрсетіп, бірігу, және өздерінің жалпы тәжірибелеріне сүйене отырып, технология бағытында білім алып, лайықты жұмыс орындарына ие болу жолында әйелдердің мүмкіндіктерін нығайтуға септігін тигізу.