БҰҰДБ хабарлайды: Жер шарының ең кедей адамдарын қорғауға арналған уақытша базалық табыс COVID-19 індетімен науқастану өсімін баяулатуы мүмкін

2020 ж. 24 July

Photo Milos Ivanovic UNDP

Нұр-Султан, 23 шілде 2020 жыл -  Бүгін БҰҰ Даму бағдарламасымен ұсынылған баяндамада жер шарының ең кедей адамдары үшін уақытша базалық табысты шұғыл енгізу үш миллиардтан астам адамға үйде болу мүмкіндігін беріп, COVID-19 індетімен науқастанудың ағымдағы өршу деңгейін баяулатуы мүмкін екендігі айтылған.

Уақытша базалық табыс: дамушы елдердегі кедей және осал тұрғындарды қорғау атты баяндамаға сәйкес, әлемнің 132 дамушы еліндегі кедейлік шегінен тыс өмір сүретін 2.7 миллиард адамға уақытылы кепілді базалық табысты беру айына 199 миллиард доллардан артық қаражат қажет етеді. 

Баяндамаға сүйенсек, бұл шара, пандемия аптасына 1.6 миллионнан артық жаңа жұқтыру жылдамдығымен таралғанда, дамушы елдерде бейресми жұмыста қызмет еткен он адамның тоғызы үйде отырып ақша таба алмаған жағдайда, қолға алынуы қажет.

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған адамдардың көпшілігі - бейресми секторда істейтін жұмысшылар, табысы төмен жұмыскерлер, әйелдер мен жастар, босқындар мен мигранттар, еңбекке жарамсыз адамдар. Осы аталған адамдарға қазіргі дағдарыстың ауырлығы ең қатты батуда. БҰҰДБ-мен соңғы бірнеше айда 60-тан астам елде жүргізілген COVID-19 індетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жұмысы - әлеуметтік қорғанысы жоқ жұмыскерлер табыстары болмаған жағдайда үйде қала алмайтынын растап берді.

Уақытша базалық табыс оларға азық-түлік сатып алу, денсаулық сақтау мен білім беру шығындарын төлеу үшін қажетті қаражат бере алады. Мұндай жоспарды қаржылық тұрғыдан іске асыру әбден мүмкін. Мәселен, алты ай уақыт бойы уақытша базалық табысты төлеу үшін 2020 жылдың соңына дейін COVID-19 індетіне қаржылық ден қою пакетінің жалпы сомасының 12 пайызын ғана қажет етеді. Бұл сома дамушы елдер биылғы жылы сыртқы қарызды өтеу шеңберінде төлеуге тиіс қаражаттың үштен бір бөлігінің баламасы болып табылады. [MOU1]

«Бұрын-соңды болмаған заман бұрын-соңды болмаған әлеуметтік және экономикалық шараларды талап етеді», - деп мәлімдеді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер.

Оның пікірінше, шұғыл қаржылық көмек тек үлкен нарықтар мен ірі бизнеске ғана емес, барлығына көрсетілуі тиіс. Уақытша базалық табыс шағын бизнесті жабылып қалудан қорғап, COVID-19 індетінің қарқынды таралуын баяулату үшін жергілікті экономикаға қолма-қол ақша ағынының келуіне септігін тигізіп, үкіметтерге оқшаулау режимінде адамдарға құтқару қаражатын ұсынуға мүмкіндік береді.

Алайда, уақытша базалық табыс - пандемия әсерінен туындаған күрделі экономикалық ахуалдың панацеясы емес. Жұмыс орындарын сақтау, микро-, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды кеңейту, көмекке мұқтаж және сол көмекке деген қолжетімділікке мұқтаж адамдарды анықтау үшін цифрлық шешімдерді пайдалану – осы және басқа да шаралар қазіргі уақытта қабылдануы мүмкін.

Уақытша базалық табысты төлеуді сыртқы қарызға қызмет көрсету үшін елдермен резервке қойылған қорларды пайдалана отырып жүзеге асыруға болады. Ресми деректер бойынша, дамушы мемлекеттер мен нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдер биылғы жылы қарыздарын төлеу үшін 3.1 триллион АҚШ долларын жұмсайды. БҰҰ Бас хатшысы ұсынысына сәйкес, күрделі жағдайға тап болған елдерді қарыздар бойынша төлемдерден толықтай уақытша босату оларға COVID-19 кесірінен туындаған дағдарыстың салдарына қарсы күресте төтенше шаралар қолдану үшін осы қаражатты уақытша пайдалануға мүмкіндік берер еді.

Кейбір мемлекеттер уақытша базалық табысты енгізу үшін қажетті қадамдар жасауда. Қазақстанда алғашқы карантиндік кезеңде 4,5 миллион азамат 42,500 теңге көлемінде төлем алды. Ағымдағы жылдың шілдесіндегі екінші карантин кезінде төлем 1,1 миллион адамға тағайындалды.

COVID-19 жаһандық және ұлттық деңгейлердегі теңсіздікті күшейте түсті және ғаламшардың ең осал тұрғындарына әсер еткен жаңа өзгерістердің себебіне айналды. 2020 жылы тағы 100 миллион адам терең кедейшілік жағдайына тап болуы мүмкін, 1.4 миллиард бала мектепке бара алмайды, жұмыссыздық және күнкөріс қаражатын жоғалту дәрежесі рекордтық деңгейге жетеді. БҰҰДБ жалпы өлшеу жүргізіле басталған сәттен бері, алғаш рет адами даму индексінің төмендеу тенденциясы орын алатынын болжауда.

БҰҰ жүйесінің агенттіктері арасында БҰҰДБ әлеуметтік-экономикалық шараларға техникалық жетекшілікті жүзеге асырады және бүкіл әлем елдерінде COVID-19 індетімен күрес жүргізудің әлеуметтік және экономикалық стратегияларын орындайды.