БҰҰДБ-ның жаңа зерттеуіне сәйкес әлемдегі кедейлер үшін климаттық дағдарыспен күресуге бөлінген әр долларға төрт доллар климаттық дағдарысты қолдайтын қазба отынына арналған субсидиялар жұмсалады.

БҰҰ Даму бағдарламасының «Жойылуды таңдамаңдар» атты жаңа науқаны адамдар мен планета үшін көмірсутекті отынға арналған субсидиялардың теріс әсеріне белсенді назар аударуға арналған.

2021 ж. 28 October

Photo: UNDP

27 қазан, Нью-Йорк. Жыл сайын әлем тұтынушылар үшін қазба отындарын – мұнай, басқа қазба отындарын, газ бен көмірді жағу арқылы өндірілетін электр энергиясын субсидиялауға таңқаларлық 423 миллиард доллар жұмсайды. Бүгін жарияланған БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) жаңа зерттеуіне сәйкес шығындар мөлшері кедей елдерге климаттық дағдарыспен күресуге көмектесу үшін қажет мөлшерден төрт есе көп. Бұл келесі аптада өтетін COP 26 Жаһандық климаттық конференциясының алдында сүрінудің бір түрі.

Осы субсидияларға тікелей жұмсалған сома әлемдегі әр адам үшін COVID-19-ға қарсы вакцинацияны төлеу үшін жеткілікті. Бұл сонымен қатар жаһандық төтенше кедейлікті жою үшін қажет жылдық сомадан үш есе көп. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жақында жариялаған деректерге сәйкес жанама шығындар, оның ішінде қоршаған ортаға келтірілген залал осы субсидияларға қосылған кезде, бұл көрсеткіш 6 триллион АҚШ долларына дейін артады.

БҰҰДБ талдауы салық төлеушілер төлейтін бұл қаражат, сайып келгенде, теңсіздікті күшейтіп, климаттың өзгеруімен күресу шараларын қабылдауға кедергі келтіретінін көрсетеді.

«COVID-19 пандемиясы жаһандық экономиканың ескірген аспектілерін айқындады. Бұл әлемнің қазба отынына арналған субсидияларға миллиардтаған доллар жұмсауды жалғастыратынын, ал жүздеген миллион адамдар кедейлікте өмір сүретінін және климат дағдарысы күшейе түсетінін қамтиды. Осыған байланысты біз өзімізге мынадай сұрақ қоюымыз керек: қазбалы отынды субсидиялау мемлекеттік ақшаны ұтымды пайдалану болып табылады ма?», - деді Ахим Штайнер, БҰҰДБ әкімшісі.

Қазба отынына арналған субсидиялар тиімсіз және әділетсіз. ХВҚ деректері бойынша, дамушы елдерде қазба отынын тұтынуды қолдауға жұмсалған мемлекеттік ресурстардың жартысына жуығы халықтың ең бай топтарының 20 пайызына пайда әкеледі.

 «Қазба отынына арналған субсидиялар проблемасын шешу саяси маңызды мәселе болып табылады, бірақ фактілер реформаның қажет екенін және егер ол дұрыс жүргізілсе, кедейлерді қолдайды, жұмыс орындарын ашады және планетаны қорғайды», - деді Джордж Грей Молина, БҰҰДБ-ның Саясат және бағдарламаларды қолдау бюросының жетекші экономисі және зерттеудің тең авторы. «Біз бұл зерттеу реформаның барлық елдерде «жасыл» және әділ дамуға көшуді қамтамасыз етудегі шешуші рөлі туралы пікірталастың катализаторы болады деп үміттенеміз».

Алдағы G20 және COP26 кездесулерінің алдында жарияланған есеп экономистер мен саясаткерлердің, сондай-ақ ХВҚ мен Дүниежүзілік Банктің қазба отынына арналған субсидияларды реформалау қажеттілігін мойындауының артуы аясында жарық көрді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш те реформаға табандылықпен шақырды.

Адамдар мен планета үшін қазбалы отынға арналған субсидиялардың тым жағымсыз әсерлеріне назар аудару үшін БҰҰДБ жаңа науқан шеңберінде қызықты қысқа метражды фильм шығарды, онда әлемдегі ең танымал жойылып кеткен жануарлардың бірі – динозавр БҰҰ Бас Ассамблеясының алдында сөз сөйлейп, әлемдік көшбасшыларды қазбалы отынға арналған субсидиядан бас тартуға және «Жойылуды таңдамауға» шақырады.

Бүкіл әлемдегі атақты адамдар қатысатын «Жойылуды таңдамаңдар» науқаны қазба отынына арналған субсидиялардың климаттың өзгеруіне жол бермеу бағытында бүгінгі күнге дейін қол жеткізілген елеулі прогресті қалай төмендететіні және байларға пайда әкелу арқылы теңсіздікке ықпал ететіндігі туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Төтенше климаттық ахуалдың негізгі көзі энергетикалық сектор болып табылады, оған парниктік газдардың антропогендік шығарындыларының 73 пайызы тиесілі. Қазба отынын субсидиялау реформалары СО2 шығарындыларын азайтуға ықпал етеді және адамның денсаулығы мен әл-ауқатына пайда әкеледі. Бұл реформалар энергияға дұрыс баға белгілеудің алғашқы қадамы болып табылады, ол қоғам мен қоршаған орта үшін қазбалы отынды пайдаланудың «шынайы» және толық құнын көрсетеді.

БҰҰДБ талдауы қазба отынын субсидиялау реформалары, егер олар дұрыс жоспарланбаса, үй шаруашылықтары мен қоғам үшін де әділетсіз болуы мүмкін екенін көрсетеді. Қазба отынына арналған субсидиялар, әдетте, теңсіздік құралы болып табылады – кірістердің көп бөлігі байлар арасында шоғырланғандықтан, бұл субсидиялар кедей адамдар табысының маңызды бөлігін құрайды, әйтпесе олар энергияны тұтынуға жұмсалуы керек. Осылайша, қазбалы отынға арналған субсидияларды алып тастау кірістер мен энергияны азайту стратегиясына оңай айналуы мүмкін. Бұл қазбалы отынды реформалауды қиындатады және таза және жаңартылатын энергия көздеріне көшуге негізгі кедергі жасайды.

Баяндалғанды ескере отырып, БҰҰДБ зерттеуі реформаларға дәйекті және біртіндеп ден қоюға шақырады. Ол әртүрлі өңірлерден бірнеше елдерде жиналған сәттілік тарихын талдауды қамтиды, сондай-ақ қазбалы отынды субсидиялау және энергия бағасын белгілеу саласындағы реформаларды қолдау үшін саясаткерлерге арналған құралдар жиынтығын ұсынады. Құралдар жиынтығы кірісті қорғауды және аз қамтылған топтарға өтемақы төлеуді қамтитын әділ және тең кезеңді тәсілді қолдануға мүмкіндік береді.

 «Климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін қалай төлейтінімізді ойлаған кезде, қазбалы отынға арналған субсидиялар біз минус 423 миллиард доллардан бастаймыз дегенді білдіреді», - деп толықтырды Ахим Штайнер. «Реформа – оңай шаруа емес және таза энергияға көшу көптеген елдерде бірқатар күрделі проблемаларды тудырады. Өйткені, әр ел өз жолымен жүруі керек. Бірақ біз планетамызға зиян келтіретін осы энергия көздерінен бас тартуымыз керек екенін білеміз. Олар үшін қаржылық қолдауды әділ және тең құқықты негізде тоқтату осы көшудің ең маңызды элементі болып табылады. БҰҰ Бас хатшысы адамзат үшін «қызыл код» деп атаған МГЭИК-тің жақында жасаған есебінде климаттың өзгеруіне қарсы ең өршіл шаралар ғана жаһандық жылынуды 1,5 градусқа дейін шектейді. Бұл ғылымға сәйкес климаттық апаттан аулақ болу үшін қажет».

«Жойылуды таңдамаңдар» науқаны қазіргі заманның ең маңызды мәселелерін шешуге көмектесетін Global Mindpool ұжымдық ақыл-ой платформасын қамтиды. Климаттық төтенше жағдай, табиғат дағдарысы және теңсіздік туралы бүкіл әлемнен идеяларды біріктіре отырып, Global Mindpool БҰҰДБ-ға үкіметтегі, азаматтық қоғам мен жеке сектордағы саясаткерлердің хабардарлығын арттыру және деректерді ұсыну үшін қолдау көрсетеді.

«Жойылуды таңдамаңдар» науқаны туралы қосымша ақпаратты www.dontchooseextinction.comсайттан табуға болады.