Қазақстан мен Ресей қарыздық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру құралы арқылы шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқыладыды

2021 ж. 28 December

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

15-16 желтоқсанда Ресей банктерінің қауымдастығы Қазақстан Үкіметімен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) және Мәскеудің шағын бизнесті кредиттеуге жәрдемдесу қорымен әріптестікте «Кепілдіктер бизнес үшін қарыздық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру құралы ретінде» конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына халықаралық ұйымдардың, Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік органдарының, даму институттарының және ғылыми-зерттеу қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Конференция бизнесті кепілдікті қолдау саласындағы тәжірибемен алмасу және энергия үнемдейтін жобаларды, оның ішінде БҰҰДБ-ның қатысуымен қаржыландыру үшін кепілдікті тетікті қолданудың практикалық жолдарын іздеу үшін ұйымдастырылған.

Қазақстан Климат жөніндегі Париж келісімі шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ерікті мақсаттар мен міндеттемелерді қабылдады. Шығарындыларды азайту шешімдерінің бірі ЖЭК-ті қоса алғанда, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу іс-шаралары мен жобаларын іске асыру арқылы төмен көміртекті даму болып табылады.

Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бойынша бұрын іске асырылған пилоттық жобалар өндіріс шығындарын қысқартуға және өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді, алайда ЭЭ-технологияға көшу тек бір мемлекеттің күшімен ғана мүмкін емес. Мұндай бастамаларда ұлттық экономиканың негізін құрайтын бизнестің рөлі маңызды. Бұл үшін бизнесті осы процеске тарту бойынша қаржылық та, қаржылық емес те сипаттағы қосымша ынталандыру шараларын қоса қабылдау қажет.

Іс-шараға қатысушылар энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды ынталандыру үшін кепілдік тетікті қолдану перспективаларын, Қазақстан мен Ресейдегі кәсіпкерлерді кепілдікті қолдау практикасын және басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Олар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, 2022 жылы кезекті конференция өткізуді жоспарлады.