Орталық Азиядағы ТДМ бойынша өңірлік платформа шеңберінде дамуды қаржыландыруды бағалау жөніндегі өңірлік семинар

2021 ж. 8 December

Бүгін, Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары бойынша жақында іске қосылған өңірлік платформаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және Түркіменстандағы офистері дамуды қаржыландыруды бағалау бойынша өңірлік семинарды (ДҚБ) ұйымдастырды.

Дамуды қаржыландыруды бағалау бойынша өңірлік семинардың негізгі мақсаты – «Бағалау және диагностика» Кешенді ұлттық қаржыландыру тетігінің бірінші құрылымдық блогының ажырамас элементі болып табылатын ДҚБ құралы туралы жалпы түсінік беру. ДҚБ мемлекеттік, жеке, халықаралық және өзге де көздерді қоса алғанда, қаржыландырудың барлық қолжетімді және ықтимал көздерін анықтау мақсатында елдегі ТДМ-ын қаржыландыру жағдайларын жалпы бағалауды және диагностикалауды жүргізу үшін кеңінен пайдаланылады.

Семинарда ДҚБ әдіснамасы, тәжірибе алмасу және ДҚБ-ды табысты аяқтаған басқа елдер жасаған қорытындылар және Түрікменстанда ДҚБ-ға көзқарастың әлеуетті тәсілдері сияқты дамуды қаржыландыруды бағалау құралының бірнеше аспектілеріне ерекше назар аударылды. Осылайша, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген ұлттық серіктестер ТДМ-ға қол жеткізу үшін маңызды қаржы ағындарын мониторингілеу және болжау үшін ДҚБ өткізу бойынша өз тәсілдері мен тәжірибесін және осы процестің әлеуетті артықшылықтарын ұсынды.

Семинарға ТДМ саласындағы қаржы мәселелері жөніндегі халықаралық консультант Тим Строусон, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабының сарапшылары-Сурен Погосян, ТДМ қаржыландыру жөніндегі кеңесші Михаил Пелях, жасыл экономика және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалық маман және  бағдарламалық маман Елена Данилова-Кросс қатысты.

Семинар барысында қатысушылар дамуды қаржыландыруды бағалау кезінде елдер қолданған нақты жағдайлар мен тәсілдерімен бөлісті. Елдер өкілдері бұл семинарды өзара оқыту және ДҚБ жалпы процесі бойынша практикалық тәжірибе алу тұрғысынан ақпаратқа толы әрі пайдалы деп тапты. Сондай-ақ, қатысушылар болашақта ДҚБ және Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігін іске асырудың жалпы кезеңдерін өткізгеннен кейін әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша тұрақты консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.

Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы БҰҰДБ-ның бес елдік командасының төртеуі тиісті ұлттық әріптестермен бірлесіп Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігінің платформасын әзірлеу бойынша жұмыс істеуде және қазірдің өзінде ДҚБ талдауын орындады. Орталық Азиядағы ТДМ өңірлік платформасы ТДМ Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігін іске асырудың негізгі бастау пункті ретінде ТДМ өткізу бойынша Түрікменстанның күш-жігеріне қолдау көрсететін болады.