Орман экожүйелері мониторингінің сапасын арттыру Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға қалай көмектеседі

2020 ж. 18 November

Соңғы жылдары жер бетіндегі климат айтарлықтай өзгерді. Климаттық өзгерістер табиғи орта саласындағы жағымсыз өзгерістерді ғана емес, Биологиялық алуантүрліліктің төмендеуінің басты себебі бола отырып, сонымен бірге адам өмірінің барлық аспектілеріне әсер етуі мүмкін. Бұл өзгерістер мен адамның іс-әрекеттері, табиғи экожүйелер аймағының азаюына, жануарлар популяциясының азаюына, сондай-ақ топырақ пен өсімдік жамылғысының құрамының өзгеруіне әкеледі.

Барлық табиғи өзгерістер Қазақстанның орман экожүйелеріне де әсер етеді. Республиканың ормандары 12,5 миллион гектар жерді алып жатыр, бұл елдің экожүйесінде маңызды рөл атқаратын жануарлар мен өсімдіктердің мыңдаған түрлерінің үйі. Алайда, климаттың өзгеруі мен адам қызметінің әсерін қазіргі таңда қысқартуға болады. Бірлескен күш-жігермен және экожүйелік ресурстар мониторингінің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып жұмыс істеу, адамзаттың табиғатты сақтауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге нақты мүмкіндік алады.

2018 жылдан бастап биоалуантүрлілік пен экожүйенің жоғалуына байланысты мәселелерді шешу үшін, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ) Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтауға және орнықты басқаруға бағытталған жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі мониторинг әдістерінің сапасын арттыру және орман экожүйелері мен биоалуантүрліліктің жай-күйін қорғау. Сондықтан БҰҰДБ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) тікелей жобаны іске асыру орындарында белсенді жұмыс жүргізеді.

2020 жылдың күзінде БҰҰДБ Батыс-Алтай табиғи қорығының, "Риддер орман шаруашылығы" "Пихтов орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемелерінің инспекторлары мен ғылыми қызметкерлеріне қосымша аксессуарлары бар DJI Mavic 2 Pro дроны табысталды. Мамандардың бағалауынша заманауи квадрокоптерлермен қамтамасыз ету, аумақты қорғау және мониторинг сапасын жақсартып, кейіннен пилоттық табиғи аумақтардың қызметіне оң әсерін тигізбек.

Жалпы, БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы аясында Қазақстанның сегіз мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің 14 пилоттық ЕҚТА-ға қосымша аксессуарлары бар дрондар ұсынылды. Осының арқасында табиғи аумақтардың мамандары фотопландарды құруға және іргелес Ландшафттардың панорамаларын жасауға қосымша мүмкіндік алады, олар тек аумақтарды бақылау үшін ғана емес, сонымен қатар жануарлар санын есепке алу, сондай-ақ өрттердің және басқа да табиғи апаттардың туындауын болдырмау және бақылауы үшін қажет.

Бүгінгі таңда негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтауға және орнықты басқаруға бағытталған БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы - биоалуантүрлілікті және орман экожүйелерін сақтауға арналған негізгі жобаларының бірі. Жердің биоалуантүрлілігі тек әлемдік мұра ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзаттың жауапкершілігі екенін есте сақтаған жөн, оны сақтау біз үшін өте маңызды.