БҰҰДБ қолдауымен Қазақстан Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібінің іске асырылу барысы туралы Екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындауда

2022 ж. 19 April

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы кеңсесінің және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ өкілдері БҰҰ-дың 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру және Қазақстанның екінші Ерікті ұлттық шолуын дайындау барысы туралы айтып берді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын көрсетіп келеді. Қазақстанның БҰҰ-дың 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қосылуы дәйекті қадам және қазіргі жаһандану мен экономикалық өсу жағдайларында пісіп-жетілген қажеттіліктің қорытындысы болып табылады», - деп атап өтті «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов.

«БҰҰ-дың даму мәселелері жөніндегі жетекші агенттігі бола отырып, БҰҰ-дың Даму бағдарламасы Қазақстанды 2015 жылы қабылданған сәттен бастап Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда қолдайды», - деп атап өтті БҰҰ-дың Қазақстандағы Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш баспасөз конференциясын аша отырып.

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Даму жөніндегі әріптестермен және БҰҰ-дың агенттіктерімен бірлесіп, Қазақстан Үкіметіне ұлттық үйлестіру архитектурасын құру жөніндегі тәсілдер ұсынылды. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстанда ТДМ қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институционалдық архитектура енгізілді және тиімді жұмыс істейді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының басшылығымен Тұрақты даму жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Бұл барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, мәселелерді талқылауға арналған ашық алаң. Кеңес жұмысы ТДМ-ның бес негізгі бағыты бойынша:  «Адамдар», «Планета», «Өркендеу», «Серіктестік» және «Бейбітшілік» жүзеге асырылады. 2021 жылғы мамырдан бастап ТДМ-ға қол жеткізуге мониторинг жөніндегі комитет қызметін жүзеге асырады. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган

2019 жылы БҰҰДБ Азия даму банкімен (АДБ) әріптестікте Қазақстанда 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін іске асыру бойынша күш-жігерді қолдайтын диалогқа жәрдемдесу үшін мемлекеттік және жеке секторлардың, ұлттық және жергілікті деңгейлердің 1500-ден астам өкілдерін біріктіре отырып, көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен ТДМ платформасын құру бойынша жаңа бастама көтерді.

Қазіргі уақытта Экономикалық зерттеулер институты Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, БҰҰДБ-ның қолдауымен Қазақстанда екінші Ерікті ұлттық шолудың жобасын (ЕҰШ) дайындады.

«Екінші ЕҰШ дайындау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын елдерге бес басым мақсатты ұсынады. Ағымдағы жылы мыналар басым болып белгіленді: 4 ТДМ: «Сапалы білім»; 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік»; 14 ТДМ: «Теңіз экожүйелерін сақтау»; 15 ТДМ: «Құрлық экожүйелерін сақтау»; 17 ТДМ: «Серіктестік», - деп атап өтті өз сөзінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар.

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Оның айтуынша, Қазақстанда ТДМ іске асырудың басым бағыттарын анықтау мақсатында көшпелі іс-шаралар барысында елдің 17 өңірінде ЖАО өкілдері, азаматтар және барлық мүдделі тараптар арасында дауыс беру өткізілді, нәтижесінде  қатысушылар басым міндеттер ретінде мыналарды белгілеп кетті: 1 ТДМ: «Кедейлікті жою», 3 ТДМ: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», 4 ТДМ: «Сапалы білім беру», 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік», 6 ТДМ:  «Таза су және санитария», 8 ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу». ЕҰШ дайындау кезінде аталған ТДМ-ға назар аударылады.

«2030 жылға дейінгі күн тәртібін ілгерілетудегі және Қазақстанның міндеттерінің бірін орындаудағы маңызды сәт – ол 2021 жылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың жаңа архитектурасын қалыптастыру. Осы мақсаттар үшін 2021 жылы ТДМ ұлттық индикаторлары бекітілді, олар елдегі ТДМ іске асырылуына мониторинг жүргізуге ықпал ететін болады», - деп толықтырды Бақытгүл Хамбар..

Ол Ерікті ұлттық шолудың алғашқы таныстырылымы кезінен бастап үш жылдық кезеңде Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырғанын атап өтті. Атап айтқанда, халықты атаулы әлеуметтік қолдау бойынша шаралар әзірленді, тұрақты даму саласындағы жобаларды қаржыландырудың кешенді ұлттық стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс басталды, экономиканың көміртекті бейтараптығы бойынша жұмыс жүргізілуде, гендерлік теңдіктің болуы, білім беру және медициналық мекемелерге қолжетімділікті кеңейту және басқа да көптеген бағыттар бойынша мемлекеттік органдардың құжаттары талданады.

Экономикалық зерттеулер институты Біріккен Ұлттар Бағдарламасының қолдауымен Қазақстанда Дамуды қаржыландыруды бағалау және Жедел кешенді бағалау сияқты құралдарды пайдалана отырып, үлкен талдау жұмысын жүргізді, оның нәтижелері де екінші ЕҰШ-та көрініс табатын болады.

«Дамуды қаржыландыруды бағалау бюджет процесі жүйесіне ТДМ бюджеттеу қағидаттарын біріктіру қажеттігін көрсетті. 2022 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» ТДМ-ды бюджеттік бағдарламалармен қамту бойынша ЖКБ өткізді. Алдын ала деректер бойынша, ТДМ бюджеттік бағдарламалармен қамту 46% құрайды. Осы бағыт бойынша зерттеу бүгінгі күнге дейін жалғасуда, сондай-ақ ол үш пилоттық өңір үлгісінде субұлттық деңгейде жүргізілетін болады», - деп түйіндеді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар.

Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

«ТДМ ұлттандырылған индикаторларымен бекітілген мониторингтің тиімді жүйесін құрудан біз ТДМ оқшаулау және ТДМ қаржыландыру процесіне көштік. Мысалы, жақында Қызылорда облысының әкімдігіне 2021-2025 жылдарға арналған жақында қабылданған даму жоспарына Жылдам кешенді баға бере отырып, техникалық қолдау көрсеттік. Бұл құрал ТДМ-ды жергілікті стратегиялармен және даму бағдарламаларымен үйлестіру және интеграциялау деңгейін анықтауға көмектеседі. Соңғы жыл ішінде біз Қазақстан Үкіметімен Кешенді Ұлттық Қаржыландыру Тетігін әзірлеу бойынша тығыз ынтымақтастық орнаттық», — деді Виталий Времиш.

«ТДМ-ға қол жеткізу бойынша жаһандық рейтингте 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ықтимал 100 балдан 71,6 балл жинап, 165 елдің ішінен 59-орынды иеленді, өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 6 тармаққа жақсартты (65-орын және 71,1 балл)», - деп атап өтті Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева. Ол сондай-ақ ТДМ-ға азаматтардың, қоғамдық институттардың инклюзивті қатысуынсыз табысты қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті. Коммерциялық емес ұйымдар мемлекет пен халық арасындағы байланыстырушы көпір ретінде іске асыру үшін ғана емес, сондай-ақ үкіметті ТДМ міндеттеріне қол жеткізудегі қоғамның қажеттіліктеріне белсенді ден қоюға итермелеу үшін айтарлықтай әлеуетке ие.  ТДМ-ны іске асырудың қоғамдық мониторингіндегі ҮЕҰ-дың рөлі де маңызды.