БҰҰДБ Қазақстан өңірлерінде STEM білім берудің дамуын қолдайды

2021 ж. 27 December

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жезқазған, 2021 жылғы 25 желтоқсан – Сәтбаев және Жезқазған қалаларынан келген 100-ден астам қыз бала Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Акселератор зертханасы ұйымдастырған екі апталық онлайн-мектепте оқу мүмкіндігіне ие болды. Пилоттық бастама STEM (жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика) салаларында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында Қазақстан өңірлеріндегі қыздардың цифрлық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Екі апталық курс шеңберінде қыздар бағдарламалау, веб-сайттар құру және әлеуметтік желілер маркетингі бойынша базалық білім алды. Вебинарлардың бір бөлігі сондай-ақ қатысушылардың коммуникациялық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналды. Тренерлері STEAM-білім берудегі қазақстандық жетекші сарапшылар болды.

STEAM және цифрлық кәсіптердегі әйелдер санының көбеюі олардың экономикалық өмірге белсенді қатысуына жеткізеді. Алайда, елеулі гендерлік стереотиптер мен қоғамдағы қалыптасқан наным-сенімдер қыздардың ғылыми және техникалық салаларға деген қызығушылығын тежейді. Бұл салаларда басқа әйелдерді технологиялық және ғылымды қажет ететін салалардағы мансапқа жеке үлгісімен шабыттандыра алатын көшбасшы әйелдердің жеткіліксіз екенінің де маңызы зор.

Гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтарын кеңейту Қазақстандағы БҰҰДБ қызметінің басым бағыты, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады.

Бүгінгі таңда әлемде әйелдер мен қыздардың тек 30%-ы STEAM-мен байланысты оқыту салаларын таңдайды, олардың тек 3%-ы ғана ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласына көбірек көңіл бөледі. 

Қазақстанда әйелдер, әдетте, басқа секторлардағы жұмыспен қамтылуға қарағанда жоғары төленетін осы салаларда да жеткілікті түрде жоқ. АКТ саласындағы мамандықтар бойынша оқитын қыздардың үлесі 32%-ды құрайды, бұл ретте еңбек нарығында қазақстандық әйелдердің үштен екісі білім беру және денсаулық сақтау сияқты салаларда жұмыс істейді.

Гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстандағы БҰҰДБ жұмысының басым бағыты, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады. БҰҰДБ Қазақстанға гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауда, әсіресе әйелдерге шешімдер қабылдауға қатысу, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен күрес үшін көбірек мүмкіндіктер беру бөлігінде белсенді түрде қолдау көрсетеді.