БҰҰДБ мен Ұлттық экономика министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтады.

2020 ж. 1 December

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовпен виртуалды кездесу өткізді. Кездесу соңғы бесжылдық бағдарламалық циклының нәтижелерін талқылауға және БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтауға арналды.

Кездесу барысында министр Қазақстан үшін Елдік бағдарламада айқындалған басым бағыттар шеңберінде БҰҰДБ-мен одан әрі бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар БҰҰДБ-на коронавирус пандемиясының салдарымен күресуде, халықтың әлсіз топтарын, жастарды, ШОБ-ты қолдауда, сондай-ақ, қашықтықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін арттыруда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. «Біз БҰҰДБ-ның бұл шаралары ел экономикасын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», - деді Руслан Дәленов. 

БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі БҰҰДБ-ның «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді стратегиясында, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және басқа да негізгі стратегиялар мен жоспарларда бекітілген ұлттық басымдықтарды іске асыруда Қазақстанды қолдауға деген міндеттемесін тағы бір айтып, растап өтті. Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰДБ ұлттық басымдықтар шеңберінде жұмыс істейді. Экономиканы әртараптандыру, институттарды модернизациялау, теңсіздікті азайту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару арқылы Қазақстанға өзінің өсу траекториясын сақтауға қолдау көрсетеді.

«БҰҰДБ Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігімен орнатылған ұзақ мерзімді ынтымақтастығын бағалайды. Біз қол жеткізген жетістіктеріміз бен серіктестіктерімізге сүйене отырып, қайта құруды жеделдету, тұрақты дамудың барлық аспектілері бойынша елді болашақ күйзелістерге төзімді ету және COVID-19 пандемиясынан тиімді түрде айығуы үшін елге қолдау көрсетуді жалғастыра береміз», - деді Якуп Бериш. 

Кездесу, сонымен қатар, Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді жеделдету бойынша бірлескен жұмысты айқындау алаңына айналды. Тараптар Қазақстанда Ұлттық кешенді қаржыландыру жүйесін (ҰКҚЖ)  құру мақсатында жақында басталған БҰҰ-ның ТДМ-мен саясатты үйлестіру жөніндегі Бірлескен бағдарламасын талқылады. Бағдарлама Біріккен Ұлттар Ұйымының ТДМ бойынша Бірлескен қорынан қаржыландырылады және БҰҰ-ның үш агенттігі, атап айтқанда БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және БҰҰ ЭСКАТО жүзеге асырады.

Қазақстандағы Бірлескен бағдарлама ҰКҚЖ іске асыру үшін қажетті басым реформалар тұжырымдамасын қалыптастыруға және елдегі ТДМ-ға қол жеткізуге қаржы ресурстарының түрлі нысандарының әсерін ұлғайту мақсатында қолдаушы экожүйелерді (институттар мен субъектілерді) дамыту бойынша олардың тұрақты күш-жігерін арттыру үшін билік органдарының әлеуетін өсіруге бағытталған.