«Өзгерістер уақыты» бейнероликтер байқауы

БҰҰ  Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары Конференциясының 26 ​​-шы сессиясының қарсаңында (2021 ж. қараша, Глазго, Шотландия), Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы климаттың өзгеруі тақырыбында «Өзгерістер уақыты» бейнероликтер байқауын бастайды.

Байқаудың мақсаты: Түрлі бейне жұмыстар арқылы климаттың жаһандық өзгеруі салдары мен мәселелері туралы халықтың білімін арттыру.

Байқауға қатысушылар: 16 жастан асқан азаматтар.

Бейнежазбаларды қабылдау 2021 ж. 18 қазанда, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00 сағатта басталады.

Бейнежазбаларды қабылдау 2021 ж. 25 қарашада, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00 сағатта тоқтатылады.

Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар:

1 орынға – велосипед;

2 орынға – рюкзак;

3 орынға – көрпе қап пен йога жиынтығы.

Бейнежазбаларды келесі тақырыптарға жасауға болады:

  1. Денсаулық және климаттың өзгеруі;
  2. Ауыл шаруашылығы және климаттың өзгеруі мәселесі;
  3. Биологиялық алуантүрлілікке төнген климаттық қауіп;
  4. Жаңа "жасыл" энергия;
  5. Су ресурстары және климаттың өзгеруі;
  6. Климаттың өзгеруі туралы ақпарат алуда отбасының рөлі.

Байқау ережелері:

  1. Instagram желісінде @undp.kazakhstan парақшасына жазылыңыз;
  2. Instagram желісінде байқау жазбасының астында байқауға қатысқысы келетін таныстарыңыз бен достарыңызды белгілеңіз;
  3. Климаттың өзгеруінің әсерін болдырмау немесе азайту үшін қазақстандықтардың өмір салтын қалай өзгертуге болатыны туралы креативті бейнеролик түсіріңіз (1 минуттан аспайтын);
  4. Instagram-дағы жеке парақшаңызға #undpkazклимат және #climatepromise хэштегтерін қолданып бейнеролигіңізді салыңыз;
  5. Қатысушының Instagram парақшасы осы байқаудың жеңімпаздары анықталғанша ашық болуы тиіс.

Назар аударыңыз, бұрын басқа байқауларға қатысқан бейнежұмыстар авторлық және басқа құқықтардың бұзылуын болдырмау мақсатында бұл байқауда қарастырылмайды.

Бейнероликтер 18 қазаннан 25 қарашаға дейін қабылданады. Қабылдау 2021 ж. 25 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00 сағатта тоқтатылады және одан кешірек жіберілетін бейнероликтер  байқауға қатыса алмайды.

Байқауға өз бейнероликтерін жіберген қатысушы видеоларын жоба ұйымдастырушылары мен серіктестері таратуына және пайдалануына авторлық құқықты береді. Бейнеролик авторының аты-жөні міндетті түрде көрсетіледі.

Толық ережелерді мына жерден табуға болады.